Трамп Зеленскийді Қырымнан бас тартуға шақырды

0
106

Украинадағы бейбітшілік үшін бұл қажетті қадам болады, дейді АҚШ президенті.


Трамп Зеленскийді Қырымнан бас тартуға шақырды

фото: POOL

ERNUR.KZ. Дональд Трамп Владимир Зеленский Қырымнан бас тартып, Украинаның НАТО-ға кірмеуіне келіссе, ол қақтығысты дереу тоқтата алатынын мәлімдеді, деп жазады sputnik.kz.

АҚШ президенті Дональд Трамп бұл ойын Truth Social әлеуметтік желісінде жазды.
"Зеленский қаласа, Ресеймен соғысты дереу тоқтата алады немесе соғысуды жалғастыра алады. Мұның бәрі қалай басталғанын есте түсіріп көрейік: Қырымды қайтармаса және Украина НАТО-ға кірмесе, бұл мүмкін. Кейде белгілі бір нәрселер ешқашан өзгермейді", - деп жазды Трамп.
Трамп пен Зеленскийдің Украина мәселесі бойынша кездесуі 18 тамызға жоспарланған.
Сондай-ақ Вашингтонға Франция президенті Эммануэль Макрон, НАТО Бас хатшысы Марк Рютте, Еуропалық комиссия төрағасы Урсула фон дер Ляйен, Германия канцлері Фридрих Мерц, Финляндия президенті Александр Стубб және Ұлыбритания премьер-министрі Кир Стармер де Вашингтонға барады деп көзделіп отыр.
Бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, Италия премьер-министрі Джорджа Мелони де барады.