Жыл сайын сәуірдің соңғы жексенбісі Түрікменстанда түрікмен сәйгүліктерінің мерекесі аталып өтіледі.
Түрікменстанда ақалтеке жылқыларының сұлулық байқауы өтеді, деп хабарлайды ERNUR.KZ ca-news.org-ке сілтеме жасап.
Ел президенті Гурбангулы Бердымухамедовтың өкімімен 28 сәуір күні Ашхабад қаласында кезекті рет ақалтеке жылқыларының халықаралық сұлулық байқауы өтеді.
Сондай-ақ, арғымақтардың көркемдігін бейнелеген суретшілер, мүсіншілер, кілем тоқушылар, зергерлер, фотографтар, дизайнерлер, баспа қызметкерлері мен телеоператорлар арасында да дәстүрлі түрде конкурс жарияланған.
Халықаралық байқау президент Гурбангулы Бердымухамедовтың бастамасымен өтеді. Ел басшысы ақалтеке арғымақтарын жоғары бағалайды және салт атпен жүруге қызығады. Президент Түрікменстандағы жылқы шаруашылығына жеке өзі қамқорлық жасап, түрікмен сәйгүліктер күні мерекесін өткізуге мұрындық болып жүр.
Соңғы рет 2017 жылы Бердымұхамедов Өзбекстан Республикасының президенті Шавкат Мирзаевқа Түрікменстанға келген алғашқы сапарында ақалтеке жылқысын сыйға тартқан болатын.
Жыл сайын сәуірдің соңғы жексенбісі Түрікменстанда түрікмен сәйгүліктерінің мерекесі аталып өтіледі.