Түрік хакері Трамптың сайтына Құран сүресін жариялады

0
911

​Ол АҚШ-тың «Түркияға және исламға қарсы» ұстанымына наразылық білдіру үшін мұндай қадамға барған.


Түрік хакері Трамптың сайтына Құран сүресін жариялады

ERNUR.KZ. RootAyyildiz лақап атты түрік хакері АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трамптың веб-сайтын бұзып алды, деп жазады inbusiness.kz.

Онымен қоймай, хакер сайтқа Құран сүресін жариялап, Түркия басшысы Режеп Тайып Ердоғанның видеосы жүктеген. Ол өзінің жеке хабарламасын да Трамп кампаниясының петицияға қол қоюға үндеуге арналған парақшасына салған.

«Олар Аллаһты ұмытты, ал Аллаһ олардың өздерін ұмытқызды. Олар зұлым адамдар», – деп жазылған сайтта жарияланған сүреде.

Сонымен қатар ол Түркия президентінің видеосын жүктеген. Хакер Трамптың веб-сайтына АҚШ-тың «Түркияға және исламға қарсы» ұстанымына наразылық білдіру үшін мұндай қадамға барған.

Экс-президенттің веб-сайтына бұған дейін де шабуыл жасалған еді. Politico дерегі бойынша, 2020 жылдың қазан айында хакерлер Трампты әшкерелейтін құпия мәлімет бар деген жазбаны сайтқа жариялаған еді.