Түркиядағы химиялық зауытта жарылыс болды

0
1 098

Салдарынан 7 кісі жарақат алған.


Түркиядағы химиялық зауытта жарылыс болды

ERNUR.KZ. Ыстамбұлдың Тұзла ауданындағы химиялық зауытта өрт шығып, бірнеше рет жарылыс болды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Салдарынан 7 кісі жарақат алды. Оның екеуі – өрт сөндіру қызметкері. Бұл туралы «Хабар 24» арнасының меншікті тілшіміз Меруерт Қанағат ішкі істер министрлігіне сілтеме жасап хабарлаған.

Оқиға Тұзла ауданындағы өндіріс аймағында орналасқан фабрикада шыққан. Қызыл жалынды сөндіруге 50-ден астам өрт сөндіру көлігі мен 150-ге жуық кісі жұмылдырылған. Өрт сөндіру барысында фабрикада бірнеше рет жарылыс шығып, ондағы танкердің бір бөлшегі өрт сөндіру көлігінің үстіне түскен. Өрттің нақты неден шыққаны әзірше белгісіз.