Түркиялық футболшы коронавирусқа шалдыққан баласын өзі өлтіргенін мойындады

0
982

Спортшы өмір бойына бас бостандығынан айырылуы мүмкін.


Түркиялық футболшы коронавирусқа шалдыққан баласын өзі өлтіргенін мойындады

ERNUR.KZ. Түркияның «Бурса Йилдирим Спор» әуесқой клубының ойыншысы Цевер Токташ өзінің бес жасар баласын өлтірген, деп жазады 24.kz.

Бұдан бұрын баланың ауруханаға коронавирус белгілерімен жатқызылғаны, алайда дәрігерлер оны құтқара алмағаны хабарланған.

Дегенмен 11 күннен кейін футболшы полицияға өзі келіп, баласын ауруханада жатқан жерінде қылқындырып өлтіргенін мойындады. Сондай-ақ ол мұрагері болуын ешқашан қаламағанын айтқан. Енді спортшы сотта жауап береді. Ол өмір бойына бас бостандығынан айырылуы мүмкін.