ДДҰ сарапшылары Қытайдағы құпия саясат салдарынан кей науқас туралы дерек ала алмаған.
ERNUR.KZ. ДДҰ халықаралық сарапшылар тобының мүшесі дәрігер Питер Дасзак COVID-19 пандемиясы қалай өрбіген болуы мүмкін екенін болжады, деп жазады Тengrinews.kz.
Маманның сөзінше, "вирустың таралу жолына назар аудару қажет". Дасзак The New York Times-қа берген сұхбатында инфекция жарқанаттар мен жабайы жануарлар арқылы фермаға түсіп, оны қызметкерлер не күзен, борсық, жанат тәрізді ит жұқтырған болуы мүмкін. Артынша вирус Ухандағы базарға түскен кезде тарай бастаған.
Сонымен қатар, ДДҰ сарапшылары Қытайдағы құпия саясат салдарынан кей науқас туралы дерек ала алмаған. Одан бөлек, коронавирус жұқтырып, ауырып шыққан кей адам ұйым өкілдерімен кездесуден бас тартқан.
Бүгінде ДДҰ сарапшылар тобы Қытайда коронавирус қалай тарай бастағанын анықтау мақсатымен жүр. Мамандар 14 қаңтарда Уханға келгеннен кейін 14 күн карантинде жатып, 29 қаңтарда жұмысқа кіріскен.