Украина әскері Змеиный аралына шабуыл кезінде 14 ұшақ пен тікұшақтан айырылды

0
606

РФ Қарулы күштері 7 мамырда Змеиный аралын басып алуға қарсы бірнеше шабуылға тойтарыс берді.


Украина әскері Змеиный аралына шабуыл кезінде 14 ұшақ пен тікұшақтан айырылды

ERNUR.KZ. Змеиный аралына шабуыл жасау британдық кеңесшілердің ойы болатын, ал бұйрықты Владимир Зеленский өзі берді. Ол 9 мамырға дейін нәтиже талап етті, Басштаб бұған қарсы болды. Ал күтілген нәтиже Британ премьер-министрімен бірлескен мәлімдеме болатын, деп хабарлады журналистерге ресейлік күш құрылымдарындағы ақпарат көзінің бірі, деп жазды sputnik.kz.

РФ Қарулы күштері 7 мамырда Змеиный аралын басып алуға қарсы бірнеше шабуылға тойтарыс берді.
Ресей қорғаныс министрлігінің ресми өкілі генерал-майор Игорь Конашенковтың айтуынша, Украина әскері 14 ұшақ пен тікұшақ, сондай-ақ 30 пилотсыз ұшақтан және жеке құрамның 50 адамынан айырылды.
"Змеиный аралына шабуыл жасау туралы бұйырықты Зеленский берді және 9 мамырға қарай БАҚ-та жариялауға тұратын нәтиже талап етті. Расталған ақпаратқа қарағанда Валерий Залужный мен оның басштабы өздерін құртуға бағытталған бұл операцияға қарсы болған", - деді ол.
Оның айтуынша, бұл әрекет Украина үшін соққы болды. Жеңіс күні қарсаңындағы пиар-акция ондаған әскерилердің өліміне алып келді.
Конашенковтың айтуынша, Змейный аралы маңында үш Су-24 бомбалаушысы мен Су-27 зымыраны жойылды.
Украина 10 тікұшағынан айырылды. 10 мамырда Змеиный аралы маңында Ресей Украина тарапының тағы бір пилотсыз ұшатын "Байрактар-ТБ2" аппаратын жойды.
Генералдың айтуынша, бүгін арал маңында тағы үш украина диверсанттарының мәйіті табылды.
"Қазір Змеиный аралында Киев операциясының сәтсіз аяқталуынан кейін 27 украиндық әскеридің мәйіті қалды", - деді ол.