АҚШ президенті Аляскада өткен келіссөздің қорытындысын шығарды.
© Sputnik / Сергей Бобылев
ERNUR.KZ. АҚШ басшысы Дональд Трамп Украинада бейбітшілікке қол жеткізу енді Зеленский мен Еуропа елдеріне байланысты екенін мәлімдеді. Ол бұл туралы Fox News-ке берген сұхбатында айтты, деп жазады sputnik.kz.
АҚШ президенті Аляскада өткен келіссөздің қорытындысын шығарды:
Ресей мен АҚШ үлкен прогреске қол жеткізе алды. Алайда Трамп нақтыламады.
Ресейдің ядролық әлеуеті зор, оны ескеру керек.
Оның Путинмен қарым-қатынасы әрқашан жақсы болған.
Украинадағы бейбітшілікті реттеуге Еуропа елдері де "аздап" қатысуы керек.
Ресей Украинаға қарағанда қуатты мемлекет. Киев мәміле жасауы керек.
"Кездесу жақсы өтті. Біздің бітімгершілік келісімге келу мүмкіндігіміз өте жоғары", - деді Трамп.
Айта кетері, Аляскада Путин мен Трамптың келіссөзі өтті. Ол 2 сағат 45 минутқа созылды.