Украинада қазақстандықтарды алдаған 3 call-орталықтың жұмысы тоқтатылды

0
88

АСТАНА. KAZINFORM – Қазақстанның Ішкі істер министрлігі интернет-алаяқтықпен күрес аясында шетелдік құқық қорғау органдарымен бірлескен жұмысты күшейтіп жатыр. Бұл туралы ҚР ІІМ Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл департаментінің бастығы Жандос Сүйінбай мәлімдеді.


Украинада қазақстандықтарды алдаған 3 call-орталықтың жұмысы тоқтатылды

Фото: newsgeorgia.ge

ERNUR.KZ. Оның айтуынша, қазір алаяқтарды анықтау үшін шетелдік әріптестермен тұрақты байланыс орнатылып, ақпарат алмасу тетігі жолға қойылған. Соның нәтижесінде бірлескен арнайы операциялар өткізіліп жатыр деп жазады inform.kz

– Биыл 31 наурызда Украина полициясымен бірлесіп ауқымды арнайы операция өткізілді. Операция барысында Днепр қаласында орналасқан, қазақстандықтарды алдаумен айналысқан 3 call-орталықтың қызметі тоқтатылды, - деді Жандос Сүйінбай.

Департамент басшысының мәліметінше, арнайы операция кезінде 53 шетел азаматы ұсталып, оның 8-і қамауға алынған. Тергеу барысында 160-тан астам қазақстандық жәбірленуші анықталды. Оларға келтірілген шығын Украина сотының шешімімен өтеледі.

Жандос Сүйінбай алдағы уақытта да бірқатар мемлекетпен интернет-алаяқтыққа қарсы осындай бірлескен операциялар жалғасатынын айтты.

Сонымен қатар халықаралық ынтымақтастықты кеңейту үшін компьютерлік қылмыстар туралы Будапешт конвенциясын және Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл жөніндегі БҰҰ конвенциясын ратификациялау жұмыстары жүргізіліп жатыр.

– Бұл құжаттар киберқылмысқа қатысты ақпаратты шетелдік құқық қорғау органдарынан жедел алуға мүмкіндік береді, - деді ол.

Айта кетейік, биыл Алматыда 4 мыңнан астам шетелдік жауапқа тартылғаны хабарланған еді.