Венгрия Украина дағдарысын шешу үшін қолдан келгеннің бәрін жасады.
фото:Sputnik / Абзал Калиев
ERNUR.KZ. Венгрия Украина дағдарысын шешу үшін қолдан келгеннің бәрін жасады, тіпті одан да көп тірлік жасады, деп мәлімдеді Венгрия сыртқы істер және сыртқы экономикалық байланыс министрі Петер Сийярто РИА Новости агенттігіне берген сұхбатында айтты, деп жазады sputnik.kz.
"Біз венгрлер соңғы айларда бейбітшілік миссиясын орындап келеміз. Біз қолдан келгеннің бәрін жасадық. Біз АҚШ-тың жаңадан сайланған президенті Дональд Трамппен кездестік. Біз Ресей президенті Владимир Путинмен және мемлекеттік қайраткерлермен, украиндармен, түріктермен, Ватикан өкілдерімен кездесіп, телефон арқылы сөйлестік. Сондықтан біз шынымен де қолымыздан келгеннің бәрін жасадық, тіпті одан да көп тірлік жасадық", - деді Петер Сийярто.