Қытай мен АҚШ-та ядролық станцияға МАГАТЭ инпекторларын кіргізуге шақырды.
ERNUR.KZ. Украинаның Запорожье атом электр станциясы тағы да шабуылға ұшырады. Сол үшін Ресей мен жергілікті армия бір-бірін айыптап отыр. Осы жолы снаряд кешеннің кеңсесі мен өрт станциясына тиген, деп жазады zakon.kz.
Оқиғаға байланысты Біріккен Ұлттар Ұйымы алаңдаушылық білдіріп, Еуропадағы ең ірі АЭС-тің маңында қалыптасқан жағдайды «апатқа жетелейтін ахуал» деп атады.
Қытай мен АҚШ-та ядролық станцияға МАГАТЭ инпекторларын кіргізуге шақырды. Және де Вашингтон атомдық нысанның айналасында әскери емес аймақ құруды ұсынды.
Кейбір мәліметтерге қарағанда, Ресей армиясы АЭС-ті Украина әскерін атқылайтын позицияға айналдырған. Президент Владимир Зеленскийдің мәлімдеуінше, Еуропаның ядролық қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін ресейліктерді Запорожье АЭС-інен дереу қуу қажет.