Үндістанда лаңкестер тобы туристерге шабуыл жасап, 27 адам қаза тапты

0
145

Шабуылды "Лашкар-е-Тайба" ұйымымен байланысы бар террористік топ жасағаны хабарланды.


Үндістанда лаңкестер тобы туристерге шабуыл жасап, 27 адам қаза тапты

Фото: Риа Новости

ERNUR.KZ. Кеше, 22 сәуірде Үндістанның Кашмир өңірінде болған лаңкестік шабуыл салдарынан 27 адам қаза тапты, деп жазады inbusiness.kz.

Оқиға Кашмирдің оңтүстігіндегі Пахалгам аймағындағы Байсаран алқабында орын алған. Лаңкестер тобы туристер мен бейбіт тұрғындарға оқ жаудырып, соның салдарынан 27 адам мерт болып, бірнеше адам жараланды.

Қаза тапқандардың қатарында шетел азаматтары, әйелдер және қарт адамдар да бар. Куәгерлердің айтуынша, шабуыл кезінде әскери форма киген екі лаңкес бейбіт тұрғындарға оқ атқан.

Шабуыл үшін жауапкершілікті Үндістан аумағында танылған "Қарсыласу майданы" (The Resistance Front) ұйымы өз мойнына алған.