Үндістандағы парламенттік сайлау 19 сәуір мен 1 маусым аралығында жеті кезең бойынша өтеді.
ERNUR.KZ. Бұл туралы елдің сайлау комиссиясы мәлімдеді, деп жазады kaz.inform.kz.
Сайлау комиссиясының басшысы Раджиев Кумар баспасөз мәслихатында сайлау кестесін жариялады.
Оның айтуынша, дауыстарды санау 4 маусымда өтеді.
Дауыс беруге шамамен 970 млн сайлаушы қатысады деп жоспарланған. Ел бойынша 1 млн-нан астам сайлау учаскелері ашылады.
Алдағы сайлауда қазіргі премьер-министр және Бхаратия джаната партиясының жетекшісі (БДП, Үндістан халық партиясы) қатарынан үшінші рет премьер-министр болуды көздеп отыр. Онымен Үндістан ұлттық конгресі партиясы басқаратын І.N.D.I.A оппозициялық альянсы (Indian National Developmental Inclusive Alliance – «Үнді ұлттық инклюзивті даму альянсы») бәсекелеседі.