Үндістанда Telegram мессенджері уақытша бұғатталды

0
118

Себебі, әлеуметтік желі мемлекеттік емтиханға кедергі келтірген.


Үндістанда Telegram мессенджері уақытша бұғатталды

Фото: thereportbharat.com

ERNUR.KZ. Үндістанда Telegram бұғатталды. Бұл туралы жергілікті билік өкілдері хабарлады, деп жазады inbusiness.kz.

Ресми мәліметке сәйкес, платформада медициналық жоғары оқу орындарына түсу емтиханының тапсырмалары тарап, жалған материалдар сатылған. Кейін ел үкіметі 2 миллион 300 мыңға жуық талапкердің нәтижесі жойылғанын мәлімдеді.

Енді NEET ұлттық емтиханы 21 маусымда қайта өтеді. Ал оған дейін Үндістан аумағында Telegram қолжетімсіз болады.