Апаттың себептері әлі белгісіз.
ERNUR.KZ. 5 қаңтарда Орегоннан Калифорнияға ұшып шыққан Alaska Airlines авиакомпаниясының Boeing 737 MAX ұшағының апаттық шығу есігі жұлынып кеткен. Ұшақ Портленд әуежайына оралуға мәжбүр болды, деп жазады Stan.kz
Әлеуметтік желілерде тараған кадрларда жолаушылар креслоларының жанында ұшақтың бүйіріндегі Саңылау көрінеді.
Фюзеляждың есігі бар бөлігі ұшып шыққан соң шамамен 20 минуттан кейін жұлынып кетті, дейді жолаушылардың бірі басылымға. Есікке жақын жерде ешкім болған жоқ. Көрші орында жасөспірім отырды. Ауа ағыны салдарынан оның көйлегі жыртылып кеткен. Сонымен қатар декомпрессия салдарынан жарақат алған.
Жолаушылардың арасында ауыр жарақат алғандар жоқ. Барлығы 170-тен астам жолаушы мен алты экипаж мүшесі болды.
Апаттың себептері әлі белгісіз.
АҚШ-тың көлік қауіпсіздігі жөніндегі ұлттық кеңесі болған оқиғаны зерттеп жатқанын және жаңартылған ақпаратты қол жетімді болған кезде жариялайтынын хабарлады.