Нью-Йоркте мұғалімдер мен басқа мектеп қызметкерлеріне COVID-19 вакцинациясын егу тапсырылды.
ERNUR.KZ. Қала мэрінің айтуынша, егілмегендер ақы төленбейтін демалысқа жіберіледі. Жеңілдіктер тек денсаулығына байланысты вакцинацияланбайтын адамдар үшін қолданылуы мүмкін, деп жазады ҚазАқпарат.
Сингапурда 3 күнде карантин талабын бұзған 180-нен астам адам анықталды. Бұған дейін екі адамнан асатын топта тамақтануға тыйым салатын шектеулер енгізілген болатын. Қауіпсіздік шараларын сақтамағандарға 1000 Сингапур долларына дейін айыппұл салынады (52 мың рубль).
Таиландта мектеп оқушыларын COVID-19-ға қарсы егу басталды. Бангкок қалалық билігінің мәліметінше, 12-18 жас аралығындағы орта мектеп оқушыларының 88%-ы вакцинациялауға ниетті.