Вашингтон қаласында өлім жазасы қолданысқа енгізілді

0
95

Тиісті жарлыққа АҚШ президенті Дональд Трамп қол қойды.


Вашингтон қаласында өлім жазасы қолданысқа енгізілді

Фото: РИА Новости

ERNUR.KZ. Вашингтонда ауыр қылмыс үшін өлім жазасы енгізілді, деп жазады inbusiness.kz.

Яғни кісі өлтіргендерге енді ең ауыр жаза тағайындалуы мүмкін. Оның айтуына қарағанда, кейінгі жылдары АҚШ-тың бас шаһарында қылмыс көбейген. Сондықтан 1981 жылы өзгерген заң қайта күшіне енеді.

Ақ үй әкімшілігінің мәліметі бойынша, Вашингтонда Нью-Йоркке қарағанда 6 есе көп қылмыс жасалады.

АҚШ Бас прокуроры Пэм Бонди алдағы уақытта өлімі жазасын өзге штаттарға да енгізуге ниетті екенін жеткізді.