Зеленский Украинаға АҚШ-тың қауіпсіздік кепілдігі қажет, өйткені ол "қуатты ел" деп айтты.
фото: Sputnik / Стрингер
ERNUR.KZ. Владимир Зеленский америкалық журналист Лекс Фридманға берген сұхбатында Киевтің осы айдың соңында АҚШ-тың жаңадан сайланған президенті Дональд Трамппен Украинадағы қақтығысты реттеу бойынша келіссөздерге дайын екенін айтты, деп жазады sputnik.kz.
Бұған дейін Зеленский Киевтің бақылауындағы аумақтарға НАТО кепілдік берген жағдайда ғана Украинадағы қақтығысты реттеуге дайын екенін айтқан.
"25 қаңтар немесе басқа күні келіссөз жүргізуге мен қарсы емеспін... Біз келіссөз үстеліне бірінші кезекте Трамппен бірге отырамыз. Біз онымен соғысты қалай тоқтату керектігі жөнінде келісеміз... Біз ең алдымен онымен келісеміз. Екіншісі – Еуропа, өйткені біз Еуропаның бір бөлігіміз, Еуропаның да дауысы бар екені біз үшін өте маңызды... Осыдан кейін орыстармен әңгіме болуы мүмкін. Бұл жалғыз жол, үшеуміз (Ресей президенті Владимир Путин, Трамп және Зеленский – ред.) бірден келіссөз жүргізу үшін үстел басына отыруымыз мүмкін емес емес", - деді Зеленский YouTube арнасында жарияланған видеода.
Зеленский Украинаға АҚШ-тың қауіпсіздік кепілдігі қажет, өйткені ол "қуатты ел" деп айтты.
Бұған дейін АҚШ-тағы президент сайлауында жеңіске жеткен Дональд Трамп Украинадағы қақтығысты келіссөздер арқылы реттеуге қол жеткіземін деп уәде берген болатын. Ол Украинадағы жанжалды бір күнде шеше алатынын бірнеше рет мәлімдеген. Ресей Федерациясы бұл қарапайым жолмен шешіле салатын оңай мәселе емес деп санайды.
Бұған дейін Ресей президенті Владимир Путин Украинадағы қақтығысты бейбіт жолмен шешу туралы бастамалар көтерген болатын. Мәскеу Ресейдің жаңа аймақтарының аумағынан украин әскерлері шығарылғаннан кейін дереу атысты тоқтатып, келіссөздерге дайын екенін жариялайды. Сонымен қатар, ол Киев НАТО-ға кіру ниетінен бас тартқанын және демилитаризация мен денацификациялауды жүзеге асыруға, сондай-ақ бейтарап, блоктан тыс және ядролық қарусыз мәртебені қабылдауға тиіс деп айтты. Ресей басшысы Ресей Федерациясына қарсы санкциялардың жойылуын да тілге тиек етті.