Зеленский: Украиндар мен орыстар жау емес

0
558

Зеленский сондай-ақ, орыс тілінде Ресей президенті Владимир Путинмен байланысуға тырысқанын жеткізді.


Зеленский: Украиндар мен орыстар жау емес

ERNUR.KZ. Украина президентінің сөзінше, олар соғысты қаламайды және келіссөздерге дайын. Ел кез келген қорғаныс одақтастарынан тыс, бірақ шабуыл жасалған жағдайда өзін қорғайды, деп жазады Zakon.kz.

Украина басшысы украиндар мен орыстардың әртүрлі екенін, бірақ бұл жау болуға негіз емес.

Зеленский сондай-ақ, орыс тілінде Ресей президенті Владимир Путинмен байланысуға тырысқанын жеткізді. Бірақ оған ешкім жауап бермеген. Десекте Зеленский бұл тыныштық Донбаста болуы керек екенін айтты.

Осыдан кейін Зеленский Ресей азаматтарына «президент ретінде емес, Украина азаматы ретінде» үндеу жолдады.

Сіз бен бізді 2000 шақырымнан астам шекара бөліп тұр, оның бойында сіздің әскерлеріңіз, 200 000-ға жуық сарбаздарыңыз бар, сіздің басшылығыңыз басқа елдің аумағына қадам басуды мақұлдады. Ал бұл қадам Еуропа құрлығында үлкен соғыстың бастауы болуы мүмкін.Владимир Зеленский

Украина соғысты қаламайды және келіссөздерге дайын, деді Зеленский. Оның айтуынша, Украина қазір кез келген қорғаныс альянсынан тыс, бірақ шабуыл жасалған жағдайда тойтарыс береді.