Зейнетке 26 сағат қалғанда ФБР директорының орынбасары қызметінен кетті

0
1 446

​ФБР директорының орынбасары Эндрю Маккейб әне-міне зейнетке шығуы тиіс болатын. Дегенмен, шенеунікті 1 тәулік 2 сағат бұрын Бас прокурор Джефф Сессий қызметінен босатты, деп хабарлайды Baq.kz.


Зейнетке 26 сағат қалғанда ФБР директорының орынбасары қызметінен кетті

фото: интернеттен алынды

ФБР директорының орынбасары Эндрю Маккейб әне-міне зейнетке шығуы тиіс болатын. Дегенмен, шенеунікті 1 тәулік 2 сағат бұрын Бас прокурор Джефф Сессий қызметінен босатты, деп хабарлайды Baq.kz.

Соңғы кездері Маккейб президент Дональд Трамптың қызметіне қатысты теріс пікір айтып, Әділет департаментінің жұмысына қатысты негізсіз ақпарат беріп отырған. Осылайша, тергеушілердің жұмысына теріс ықпал етіп, адастыруға итермелеген.

«Менің абыройыма нұқсан келтіру үшін жасалып отырған бұл әрекет жеке басыма ғана емес, ФБР-ға жасалған қастандық деп ойлаймын» дейді Маккейб.

Ал бұл шешімге қатысты твиттер әлеуметтік желісінде президент Трамп өз ойын былай білдірді:

«Эндрю Маккейб жұмыстан кетті, демек бұл күн еңбек сүйгіш ФБР қызметкерлеріне демократия үшін ұлы күн болып тарихта қалмақ».

Маккейб осы жексенбіде 50 жасқа толып, зейнетке мерпзімінен бұрын ала шығу құқығына ие болатын. Енді оның жұмыстан шығып қалуы 20 жылдан астам маңдай терімен жинаған зейнет қорына қауіп төндіріп тұр.