Жапония БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі мүшелерінің санын арттыруға шақырды

0
819

Жапония СІМ басшысы заң үстемдігі мен құқықтық тәртіпті сақтаудың маңызын атап өтті.


Жапония БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі мүшелерінің санын арттыруға шақырды

ERNUR.KZ. БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты және уақытша мүшелер санын арттыру әлемдегі ахуалды жақсы көрсетуге мүмкіндік береді. Бұл туралы Жапония сыртқы істер министрі Ёсимаса Хаяси АҚШ-тағы БҰҰ отырысында айтты, деп жазады ҚазАқпарат.

Жапония СІМ басшысы заң үстемдігі мен құқықтық тәртіпті сақтаудың маңызын атап өтті.

«Халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті сақтауға халықаралық құқықты құрметтемей қол жеткізу мүмкін емес», - деп атап өтті Хаяси.

«Құқық үстемдігі төңірегінде тағы бір рет бірігейік. «Заңның үстемдігі» біз үшін түйінді сөз болуы керек», - деп атап өтті министр.

Оның айтуынша, БҰҰ функционалдығын «көпжақтылық пен құқық үстемдігінің тірегі» ретінде дамыту өте маңызды.