Жапонияда карантинде тұрған кемеден қазақстандықтар босап шықты

0
799

Олар ертең елге оралады.


Жапонияда карантинде тұрған кемеден қазақстандықтар босап шықты

ERNUR.KZ. Коронавирусты жұқтырған адамдармен Diamond Princess круиздік кемесінде болған қазақстандықтар жағаға босап шықты. Жақында олар елге оралады, деп жазады zakon.kz.

Жапониядағы ҚР Елшілігінің ақпараты бойынша, бүгін Diamond Princess круиздік кемесінде болған тағы екі азамат құрлыққа босатылды. Қазір олар Токиодағы қонақ үйлердің бірінде. Осы кемеде болған біздің барлық азаматтарымыз коронавирус сынағынан өтті. Барлығының нәтижесі теріс деп шықты. Олар ертең елге оралады деп күтілуде, делінген ҚР СІМ мәлімдемесінде.
Токиодағы қазақстандық дипломаттар алғашқы күннен бастап отандастарымызбен байланыс орнатып, оларға барлық консулдық және құқықтық көмек көрсетіп отырғандарын жеткізді
Бұған дейін коронавирусты жұқтырған круиздік кемеде төрт Қазақстан азаматы бар екені хабарланған болатын: екі немересі бар екі әйел адам. ҚР СІМ хабарлағандай, олар үйлеріне өз ақшасына қайтады.