Ол сабақтарға қатысып, басқа студенттермен тең дәрежеде баға алады.
Фото: istockphoto.com
ERNUR.KZ. Вена қолданбалы өнер университеті алғаш рет студент ретінде нейрожеліні қабылдады, деп жазады azattyq-ruhy.kz.
Flynn атты жасанды интеллект цифрлық өнер бағдарламасына қабылданды. Ол сабақтарға, пікірталастарға қатысады және басқа студенттермен тең дәрежеде баға алады.
Университет басшылығы өнер саласындағы адамдар мен нейрожелілердің бірлескен жұмысының тетіктерін зерттеуді жоспарлап отыр. Flynn стандартты қабылдау процесінен, яғни әңгімелесуден өтті.
Университет студенттің адам болуын талап ететін жазбаша нормалар жоқ болғандықтан жасанды интеллект еш қиындықсыз емтиханнан өткенін хабарлады