"Жер бетінде қорқынышты ештеңе болмайды": Ресейлік журналист Сібір үстіне ядролық жарылыс жасауды ұсынды

0
1 223

Маргарита Симонян өзінің авторлық бағдарламасының соңғы шығарылымында күтпеген ұсыныс жасады.


ERNUR.KZ. Ресейлі Маргарита Симонян жақында әлемді байланыссыз қалдырып, жер орбитасында барлық спутниктерді өшіру үшін Сібірге ядролық бомбаны тастауды ұсынды. Бұл қоғамда үлкен резонанс туындатуда. Ал ғалымдар қандай болсын ядролық жарылыс әлемдік табиғи апатқа әкеліп соғатынын айтады, деп жазады stan.kz.

Физиктер атап өткендей, Симонян ұсынатын істің салдары жай ғана байланыссыз қалудан, оның ішінде Сібір тұрғындары үшін әлдеқайда қорқынышты болар еді.

Маргарита Симонян өзінің авторлық бағдарламасының соңғы шығарылымында күтпеген ұсыныс жасады.

"Мұнда бір ақылды адам маған мен білмейтін немесе болжамайтын нәрсені айтты. Егер біз өз территориямызда, Сібірдің үстінен жүздеген шақырым жерде термоядролық жарылыс жасасақ, онда жер бетінде қорқынышты ештеңе болмайды", – деді Симонян.

Симонян егер жарылыс болса бұл барлық радиоэлектроника мен спутниктерге әсер етіп байланыс сапасын нашарлатып 1993 жылдарға адамзатты қайта апарады.

"Біз ол кездерде керемет өмір сүрдік, бұлай болса мен тіпті қуанамын", - деп жалғастырды ол.

Одан бөлек, ол өзінің бұл ұсынысы бір жағынан Ресеймен қақтығысып жатқан аймақтар үшін жаза болатынын айтады.

Жарылыстың соңы жақсылыққа апармайды

Маргарита Симонян ресми түрде мемлекеттік лауазымдарды атқармайды және оның жұмысы байланысты ядролық қаруларға мүлде байланысы жоқ. Дегенмен, бұл жолы оның айтқан ұсынысы қоғамда біршама резонанс тудырды.

Бұл ұсынысқа Новосибирск қаласының мэрі Анатолий Локот қарсылық танытты.

"Білімім бойынша физик болғандықтан, түсініктеме берйін. Жердегі термоядролық жарылыстардың соңы жақсылыққа апармайды. Оның салдары жүздеген жылдар емес, мыңжылдықтар бойы әсер етуі мүмкін. Өйткені жартылай ыдырау периоды жүздеген, ал кейбіреулері мың жыл болатын тұрақсыз элементтер түзеді. Жердегі термоядролық сынақтар мен ядролық энергияның бөлінуімен байланысты кез келген жарылыстар мәселесіне өте жауапкершілікпен қарау керек", – деді Локот.

Ал мемлекеттік Думаның Алтай өлкесінің депутаты Мария Прусакова Симонянға түсінбейтін мәселелерді қоғамдық кеңістікте емес, ас үйде талқылауды ұсынды.

“Апаттық салдар барлық жерге жайылады”...

Радиоактивті қалдықтардың қауіпсіздігі бағдарламасының инженер-физигі Андрей Ожаровский жарылыс электрониканы бұзбайтынын, бірақ экологиялық зардаптар (апатты болмаса да) кең аумақта сезілетінін айтты.

"Менің ойымша, бұл ешкімді қорқытпайды. Осы заттан 100 шақырым радиуста болатын спутниктерден басқа ешкімге үлкен зиян келтірмейді", - деді ғалым.

Ожаровский түсіндіргендей, бірінші кезекте тек қорғалмаған жабдық зардап шегеді - яғни қарапайым тұрмыстық электр құрылғылары, автокөлік стартерлері, ұялы телефондар мен компьютерлер.

"Барлық әскери электроника тіпті ядролық жарылыстан кейін де жұмыс істеуге арналған. Онда жай сақтандырғыштар бар, электромагниттік импульс болған кезде электр тізбектері жай ғана өшіп қалады", - деп атап өтті ғалым.

РҒА СБ Ядролық физика институты бәрі қуатқа байланысты екенін алға тартты.

“Бұл тек жергілікті экологиялық апат болады. Ал инфекция бүкіл жер бетіне таралып, жауын-шашын ретінде басқа аймаққа немесе елге түсуі мүмкін. Осылайша жағымсыз салдар барлық жерге жайылады және олар апатты", - деп атап өтті Ядролық физика институтының ғалымдары.

Путиннің ядролық қаруға ұстанымы

2018 жылы Ресей президенті Владимир Путин Ресей территориясына жасалған шабуылға жауап ретінде Ресейдің ядролық қаруды қолдануы мүмкін екенін айтқан.

Бірақ Путин 2022 жылы Украинаға басып кіретінін жариялағаннан кейін ядролық риторика басқа мағынаға ие болды. Ресей президенті соғыстың алғашқы күндерінде-ақ әлемді ядролық қарумен қорқыта бастады, қақтығысқа араласпауды ескертті.

Деректерге сай, ресей телеарналарында ядролық қаруды туралы екі аптаның ішінде 200 рет айтылған.