​Еліміздегі ең лас қалалар тізімі анықталды

0
2 871

Нұр-Сұлтан, Алматы жән Өскемен - еліміздегі ең лас қалалар екендігі анықталды.


​Еліміздегі ең лас қалалар тізімі анықталды

Еліміздің ең лас қалалар тізімі анықталды. Олар Нұр-Сұлтан, Алматы және Өскемен, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

«Қазгидромет» РМК-ның 2019 жылғы желтоқсанда жүргізген зерттеуі нәтижесінде, Нұр-Сұлтан, Алматы және Өскемен қалаларында ауа ластануының өте жоғары деңгейде екендігін анықтаған.

Сондай-ақ, Қарағанды, Ақтөбе, Балқаш, Теміртау қалалары да ластанудың жоғары деңгейіне жататындығы белгілі болды.

Елді мекендердегі ауаның ластануының жоғары және өте жоғары деңгейі мынадай жағдайларға байланысты:

  • қаладағы көліктерің жол кептелісі - автокөліктерден бензин мен дизель отынының көп компонентті шығарындылары елді мекендердегі ауанының ластануындағы басты себептердің бірі болып табылады;
  • өнеркәсіптік кәсіпорындардан шығарындылардың таралуы - өнеркәсіптік өнімдердің жану кезіндегі процестердің нәтижесі де ауаның ластануына алып келеді;
  • елді мекендердің атмосфералық кеңістігінің төмен желденуі - ауаны ластаушы заттар атмосфераның беткі қабатында жиналса, ал олардың концентрациясы өте жоғары деңгейде қалады.

Соңғы жылдары Қазақстанда қоршаған ортаны қорғауға ерекше көңіл бөлінуде. Егер 2008 жылы ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың ел аумағындағы үлес салмағы 8,1% болса, 2018 жылдың аяғында олардың үлесі 9,6%-ға жеткен. 2018 жылдың соңында жалпы қорғалатын аумақ 262,5 мың шаршы метрді құраған. Яғни, бір жыл ішінде бұл көрсеткіш 7,5% өсті. Оның 71,1% -ы қорықтар мен қорықшалар, 11,9% - табиғи қорықтар, 10,2% - ұлттық парктер.