Қазақстанда ластанған аймақтар қатарында Нұр-Сұлтан, Алматы, Қарағанды қалалары бар

0
1 798

ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев атмосфералық ауасы ластанған еліміздегі негізгі қалаларды атады.


Қазақстанда ластанған аймақтар қатарында Нұр-Сұлтан, Алматы, Қарағанды қалалары бар

ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиевтің мәліметінде:

"2019 жылдың қорытындысы бойынша атмосфераға ластаушы заттардың шығарындылары былтырғы - 2,5 млн тонналық деңгейде қалады. «Атмосфералық ауаға жүргізілген экологиялық талдау жұмыстары 45 елді мекеннің ішінде ең ластанған қалалардың қатарына Нұр-Сұлтан, Алматы, Қарағанды, Теміртау, Атырау, Ақтөбе, Балқаш, Өскемен, Жезқазган және Риддер кіретінін көрсетіп отыр», - деді.

Министр сонымен қатар, қоршаған ортаға жайсыз әсер ететін факторларды азайту үшін экологиялық бақылау жүргізілетінін айтып өтті.

«11 айдың ішінде біз 1,9 мың тексеріс жүргізіп, 4,1 мың бұзушылықты анықтадық. Жұмысын тоқтату туралы сотқа 337 материал жолданды. 194 арыз қанағаттандырылды. Мемлекет кірісіне 12,5 млрд теңге өндірілді», - деді Мағзұм Мырзағалиев.

Министр 2019 жылы табиғат қорғау шараларын жүзеге асыру аясында табиғат пайдаланушылардың есебінен 171 млрд теңге бөлінгенін, оның 113 млрд теңгесі игерілгенін жеткізді.