Коронавирусқа қарсы екпе алғаннан кейін қалай күтіну керек?

0
3 672

Вакцина еккенге дейін де, кейін де күтіну керек.


Коронавирусқа қарсы екпе алғаннан кейін қалай күтіну керек?

ERNUR.KZ. Орталық коммуникациялар орталығында өткен брифингте дәрігер корнавирусқа қарсы екпе алғаннан кейін қалай күтіну керектігі айтылды, деп жазады ҚазАқпарат.


«Егер екпеден кейін дене қызуы 37,0-37,5 аралығында көтерілетін болса адам емханадағы дәрігерінің бақылауында болуы керек. Өкінішке қарай, коронавирус өкпені ғана емес, буындарды да зақымдайды. Екпеден кейін деен қызуы көтерілген адам ең болмағанда қан талдауын жасатуы керек. Қажет болған жағдайда сәулелі диагностика жасалады. Осы тексерістің нәтижесінде оның жағдайы қалай екені, қалай емдеу керек екендігі анықталады», - дейді «Кардиология және ішкі аурулар» ҒЗИ-дің ішкі аурулар кафедрасының профессоры, медицина ғылымдарының докторы Сәуле Қасенова.


«Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама және мониторинг ғылыми-практикалық орталығы» филиалы директорының орынбасары Манар Смағұл екпеден кейін дене қызуы көтеріліп, буындардың ауыруы – күтілетін реакция екенін айтты.


«Вакцина еккенге дейін де, кейін де күтіну керек. Аллергия болмас үшін бұрын деп көрмеген тағамды да жемей тұра тұрған жөн. Сондай-ақ, бұрын қолданып көрмеген әтірді де қолданбау керек. Екпе ектіргеннен кейін «корнавируспен енді ауырмаймын» деп ойлап қалуға болмайды. Маска тағып, сақтық шараларын қолдануды жалғастыра беру керек, себебі коронавирусқа қарсы иммунитет қалыптасуы үшін уақыт керек», - дейді ол.


Айта кетейік, 1 ақпанда Қазақстанда коронавирус инфекциясын жұқтыру және тарату тәуекелі жоғары санаттарды коронавирусқа қарсы вакциналау басталды. Қазақстанда вакцина ерікті түрде салынады.