КӨЛІГІ ДИЗЕЛЬМЕН ЖҮРЕТІНДЕРГЕ КЕҢЕС: Қыста қиын болмасын десеңіз

0
169

Дизельді қозғалтқыш қыста да жаздағыдай сенімді түрде қызмет ете алады.


КӨЛІГІ ДИЗЕЛЬМЕН ЖҮРЕТІНДЕРГЕ КЕҢЕС: Қыста қиын болмасын десеңіз

«Дизельді қозғалтқыштар тек жүк көліктерінде болады» деген көзқарас өткен күннің еншісінде қалды. Себебі қазіргі таңда жеңіл көліктер де дизельді қозғалтқыштармен жабдықталады. Тиісінше көптеген жүргізушілер бензинмен салыстырғанда тартымды, үнемді және әдетте ұзақ уақыт қызмет ететін дизельді қозғалтқыштарды таңдайды. Бірақ олардың жұмысында ерекшеліктер бар, оның негізгі бөлігі суыққа байланысты. Атап айтқанда, қыста дизельді қозғалтқыштарды іске қосу кезінде мәселелер жиі кездеседі. Ал мұндай мәселелерден аулақ болу үшін сарапшылардың кеңестеріне құлақ түрген жөн.


1-кеңес. Майды уақытында ауыстырыңыз

Тіпті «синтетика» дәуірінде де, «барлық маусымдық май» тіркесі архаизмге айналған кезде де, автомобиль өндірушілер көбінесе ұсыныстарға «төзімділік» ұғымын енгізіп келеді. Бірақ, мұның бәрі маркетинг екенін ұмытпау қажет. Сондықтан, мысалы егер сіз қозғалтқышқа 10W-40 майын құятын болсаңыз, онда қыста тұтқырлығы аз 5W-40 майын тұтынуыңыз керек. Сонда ғана суықта дизельді қозғалтқышты іске қосу да, майды жұмыс температурасына жеткенше айналдыру да жеңілдейді. Дегенмен әрбір көлікке арналған нұсқаулық бойынша әрекет етуді ұмытпаңыз.


2-Кеңес. Жанармай жайлы не білесіз?

Қысқы дизель отыны -45 градус суыққа дейін жұмыс істейді. Сондықтан дизельді қозғалтқышы бар көлік иелері резервуарда әрқашан маусымдық жанармай болуы өте маңызды екенін естен шығармауы қажет. Аяз басталған кезде жазға арналған отынды құйып қоймаудың ең сенімді жолы – ірі желілерден жанармай құю. Себебі көпшілікке белгілі жанармай бекеттерінде отынның сапасы мұқият бақыланады. Сонымен қатар, өнімділігі жақсартылған G-Drive Diesel отынын құюға болады, бұл қозғалтқыштың өмірлік циклін одан әрі арттыруға көмектеседі. G-Drive Diesel-дің қозғалтқышты төтенше жүктемелерден қорғау қабілеті зертханалар мен тәжірибелерде тексерілген.


3-Кеңес. Үнемдеуге тұрмайтын опция

Пайдалы шешім – алдын ала қыздырғышты қолдану. Көптеген дизельді көліктер осы жүйемен жабдықталған, бірақ бәрі бірдей емес. Егер мүмкін болса, мұндай жабдыққа ақша жұмсаған жөн. Сіз жылытқышты таймер арқылы, қашықтан басқару пультімен немесе қосымша арқылы іске қосасыз. Сәйкесінше жарты сағаттан кейін қозғалтқыш оңай іске қосылады және салон жылы болады. Сонымен қатар, қозғалтқышты осы әдіспен қыздыру арқылы оның «өмірін» едәуір ұзартасыз. Сбебеі дизель тұтынатын қозғалтқыштардың ең басты жауы – қызбай тұрып қозғалу.


Кеңес 4. Біраз күте тұрыңыз – олар жұмыс істейді!

Тағы бір лайфхак – қыздыру шамдары іске қосылғанша 2-5 секунд кідіру. Тарқатып айтар болсақ, заманауи қозғалтқыштар жану камераларындағы жағдайларды дайындағанша автоматты түрде кідіреді. Осы уақытта бақылау тақтасында спираль түріндегі ескерту шамы жанады. Ол сөнгеннен кейін қозғалтқышты іске қосуға болады, яғни қыздыру шамдары өз жұмысын орындап болады. Алайда, қатты аязда шамдарды ұзағырақ жұмыс істеуге мәжбүр ету қажет болуы мүмкін. Егер көлік кілтпен оталатын болса, стартерді қоспай-ақ, бірнеше рет бұраңыз. Ал түймемен оталатын болса, оны тежегішті баспай–ақ қоса беріңіз.


Дизельді қозғалтқыш қыста да жаздағыдай сенімді түрде қызмет ете алады, әрдайым сапалы жұмыспен және үнемділікпен қуантады. Тек оған уақытында қамқорлық жасау қажет!


Дайындаған: Б.Мейірханұлы,

ERNUR.KZ

Тағы оқыңыз:


Бюджеттік көліктердің «ЖАСЫРЫН» АҚАУЛАРЫ: 5 жылда қандай проблемалар пайда болуы мүмкін?


Қыста терезе жууға арналған сұйықтықтың ҚАЙСЫСЫН ҚОЛДАНҒАН ДҰРЫС?