Қымбат көлікке деген қызығушылық НЕЛІКТЕН ТӨМЕНДЕДІ?

0
370

Бақытымызға орай, біз сәттіліктің не екенін басқаша түсіне бастадық.


Қымбат көлікке деген қызығушылық НЕЛІКТЕН ТӨМЕНДЕДІ?

фото: geely-galaxy.kz

Қымбат көлік бір кездері басқаларға өміріңнің бақытты екенін көрсетудің ең оңай жолы болды. Ол кезде шетелге шығып, әлеуметтік желіге әдемі фотосуреттер салудың керегі жоқ еді, егер астыңда жаңа S-Class, Cayenne немесе BMW X5 секілді көлігің болса. Біреулер үнсіз қызғанышпен қарайтын, біреулер табысың туралы ойланатын, әйтеуір бей-жай қарамайтын. Яғни қымбат көлік әрдайым табысты адамның визит картасы ретінде жұмыс істеді. Ал қазір олай емес.

Бүгінде біртүрлі өзгеріс болып жатқанын байқайсыз ба? Құны он, он бес, тіпті жиырма миллион тұратын көліктер саны бұрынғыдан әлдеқайда көп, бірақ олар мүлдем басқаша эмоциялар тудырады. Мәселен, ең алдымен «мен оны асырау үшін қанша жұмсаймын?», «бір жылда қанша шығын болады?» деген сауалдарды ойлайсыз. Ең бастысы – мұндай көлік мінгендерге аса қызыға да бермейсіз, қызғаныш та төмен.

Тіпті, алдағы уақытта адамдар қымбат көліктерге қызыға қарауды мүлдем тоқтататын сияқты. Мұның бәрі қаражат таптышылығына қатысты деп айтуға болады. Себебі, автокөліктер қымбаттады, қызмет құны да көтерілді, кейбір бөлшектердің бағасы да күрт өсті. Сондай-ақ, бүкіл әлемде байлыққа деген көзқарас өзгерді. Бір кездері қымбат заттар сәттілікке қол жеткізгеннің белгісі болса, бүгінде шығындардың көп екенін аңғартатындай.

Немесе, бұрын қымбат көлік қаржылық еркіндіктің символы болған, енді ол еркіндіктің қанша тұратынын еске салады. Тағы бір себеп – сән-салтанаттың барлық жерде болуы. Қымбат көліктер енді ерекше оқиға емес. Өйткені біз күн сайын бизнес орталықтарының жанында тұрған сәнді кроссоверлерді, электрлі Porsche көліктерін, әлеуметтік медиа блогерлері Lamborghini-ге мініп бара жатқанын көргенде, қымбат көліктің әсері сөзсіз күңгірттенеді.

Сонымен қатар, біз қымбат нәрселер адамды автоматты түрде бақытты етеді деп сенуді доғардық. Бұрын бәрі қисынды болып көрінетін, мысалы іші салқын көлік жақсы өмірдің белгісіндей еді. Ал бүгін біз қымбат көліктер мініп, ызғып өмір сүретін адамдарды жиі көреміз. Олар үнемі бір жерге асығады, тіпті көлікте телефонмен сөйлеседі, бағдаршамдарда хабарламаларға жауап береді.

Кейде сәнді көлік шынымен де сәттіліктің сыйақысы сияқты. Бірақ кейде бұл жұмыстың жанама әсері, сәттіліктен ләззат алуға уақыт қалдырмайтын құрал іспетті. Сондықтан біз мүлдем басқа нәрселерге қызыға бастадық. Қымбат көлікке емес, жұма күні кешке телефонды өшіріп, оны тек дүйсенбіде қосуға асығамыз. Тұрақты қоңыраулар мен жұмыс чаттарынсыз, отбасымен бірге тыныш кешкі ас ішуге ұмтыламыз. Тауларға немесе теңіз жағасына бір айға кетіп, әлемдік тынымсыз тіршіліктен алыстағымыз келеді.

Сондықтан соңғы жылдары сән-салтанат емес, уақыт, тыныштық және өз өмірін басқару мүмкіндігі өмірдің басты құндылықтарына айналды. Тіпті әлемдегі ең қымбат көлік те табыстың символына ұқсамайды. Ол әлі де әдемі, жылдам және таңдаулы болуы мүмкін, бірақ уақыт өткен сайын шынайы қызығушылықтан алыстап барады.

Дегенмен, автомобильдер ештеңеге кінәлі емес. Біз өзгеріп келеміз. Бақытымызға орай, біз сәттіліктің не екенін басқаша түсіне бастадық.


Дайындаған: Б.Мейірханұлы,

ERNUR.KZ

Тағы оқыңыз:


Күн астында тұрған көлік қандай зардап шегеді? Корпус пен интерьерді қорғауға арналған кеңестер


Заманауи автомобильдің багынан қалай бензин алуға болады?

Бөлісу