Кей жазбаларда мәжілісмен Түркістан облысы мәслихатының депутаты Нұрайым Шақимергенге креслосын "сыйлағаны" туралы айтылған.
ERNUR.KZ. Әлеуметтік желілерде Мәжіліс депутаты Темір Қырықбаевқа қатысты дау туындады. Оны қолданушылар Түркістан облысы мәслихатындағы мандаттын "тоқалына" берді және некесіз баласын жасырды деп айыптады. Бұл жазбаларға депутаттың өзі пікір білдірді, деп жазады tengrinews.kz.
Кей жазбаларда мәжілісмен Түркістан облысы мәслихатының депутаты Нұрайым Шақимергенге креслосын "сыйлағаны" туралы айтылған. Қырықбаевтың айтуынша, ол да жазбаларды көрген.
"Бұл ақылға сыймайды! Оны өз сайлау округінен халық сайланған. Сұрақтарды аумақтық сайлау комиссиясына жолдауға болады. Мен тіпті сайлаушыларға: "Соған дауыс беріңіздер, сол депутат болсын" деп те айтпадым", - деді мәжілісмен.
Ал жеке қарым-қатынасына қатысты сұрақтарға Қырықбаев жауап беруден бас тартты.
"Ол менің тоқалым ба әлде жоқ па - бұл менің жеке өмірім, ол жарияланбайды. Ал балаға келсек, мен еш жерде оның менің ұлым емес екенін айтқан жоқпын - ол менің ұлым. Мен оған өз фамилиямды бердім, мұны мен құдайдың алдында да, халықтың алдында да жасырамаймын!" - деді ол.


