​Батыс Қазақстанда 26 адам бруцеллез жұқтырған

0
224

Оның сөзіне қарағанда, өткен жылдың осы кезеңімен (31) салыстырғанда, бруцеллез 5 дерекке азайған.


​Батыс Қазақстанда 26 адам бруцеллез жұқтырған

Фото: Kazinform

ERNUR.KZ. Батыс Қазақстан облысында биылғы 10 айда 26 адамның бруцеллезбен ауырғаны тіркелді, деп жазады inform.kz.

БҚО санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Динара Жаңабергенованың мәлім еткеніндей, бұл көрсеткіш 100 мың адамға шаққанда, 3,7-ден келеді.

Оның сөзіне қарағанда, өткен жылдың осы кезеңімен (31) салыстырғанда, бруцеллез 5 дерекке азайған.
— Эпидемиологиялық тексеру нәтижесінде 17 адамның жеке мал шаруашылығындағы жұмыс кезінде — малды күту, төлдету және сою барысында індет жұқтырғаны анықталды. Бруцеллез — жануарлардан, көбіне сиыр, қой-ешкі, түйе, шошқа сияқты малдан жұғатын қауіпті жұқпалы ауру, — дейді Динара Жаңабергенова.
Оның айтуынша, бруцеллездің негізгі белгілері: дене қызуының көтерілуі, буын мен бұлшық еттің ауыруы, әлсіздік, тершеңдік.
— Осы орайда алдын алу шараларын еске саламыз. Ең алдымен мал өнімдерін (сүт, ет) жақсылап пісіріп, қайнатып пайдалану керек. Шикі сүт пен одан жасалған тағамдарды ішпеу қажет. Мал туған кезде, сүт сауғанда немесе ет өңдегенде қолғап киюді ұмытпаған дұрыс. Ауру малды бөлек ұстау маңызды, оның өнімін пайдалануға болмайды. Қолды жиі және сабындап жуған абзал. Белгілер байқалса, өз бетінше емделмей, дәрігерге жүгінген жөн, — деді департамент басшысы.