Кәдіден аджика жасауға болатынын білетін бе едіңіз? Мұндай аджика өте дәмді болады. Міндетті түрде жасап көріңіз, ең жақсы мәзірді ұсынып отырмыз.
Қажетті өнімдер:
- 3 кг кәді
- 1,5 кг қызанақ
- 0,5 кг болгар бұрышы
- 0,5 кг сәбіз
- 1-2 тал ащы бұрыш
- 5 бас сарымсақ
- 2 ас қасық тұз
- 4 ас қасық қант
- 200 мл өсімдік майы
Дайындалу тәсілі:
- Кәді мен қызанақты тазалап жуып, ірілеп турап, еттартқыштан өткізіп аламыз.
- Сәбіз бен болгар бұрышын да дәл солай еттартқыштан өткізу керек. Сонымен бірге қызыл ащы бұрышты да жуып, оны да бөлек мясуробкадан өткіземіз.
- Сарымсақтың қабығын аршып, арнайы престен өткізесіз немесе пышақпен майдалап турасаңыз да болады.
- Енді барлық көкөністерді қазанға салып, 4 ас қасық қант, 2 ас қасық тұз қосып, мәзірде көрсетілген мөлшермен өсімдік майын құямыз. Қайнағанға дейін отты қаттырақ қойып, сосын жай отта 45-50 минуттай қайнату керек. Аджика қайнап жатқанда міндетті түрде араластырып тұруды ұмытпаймыз.
- Аджика қайнап жатқанда еттартқыштан өткізілген қызыл ащы бұрышты саламыз.
- Кейіннен тағы да 10-15 минуттай қайнатамыз. Дайын аджиканы кішірек банкаларға құйып, қақпағын бұрап жабамыз. Банкаларды алдын ала залалсыздандырып алған дұрыс.
- Банканың қақпағын бұрағаннан кейін сыртынан жылы орап, сосын салқын жерде сақтаймыз.
Дайындаған: Қ.Өмірзаққызы,
ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗ:
Өрік тосабы мен апельсиннен дайындалған пирог