Өте пайдалы әрі дәмді балықты дайындау өте оңай!
Қажетті қоспалар:
- 2 кг балық
- 250 гр. қызанақ
- 1 дана болгар бұрышы
- 1 дана пияз
- Маринадқа: 2 ас қасық лимон шырыны
- 3 тіс сарымсақ
- 3 ас қасық өсімдік майы
- Дәміне қарай қара бұрыш, тұз
Дайындалу тәсілі:
- Тағамның жасалуын маринад дайындаудан бастайық. Ол үшін өсімдік майы, лимон шырыны, езілген сарымсақ, қара бұрыш, тұзды бір табаққа салып араластырамыз.
- Ал балықтың мұздатылған түрін немесе балғын түрін пайдалансаңыз да болады. Содан соң балықты тазалап жуып, маринадтауға дайындаймыз.
- Қызанақтарды тазалап жуып, жұқалап тураймыз. Егер қызанақтардың көлемі кішкентай болса, 3-4 бөлікке бөлсеңіз де болады.
- Болгар бұрышын ортасынан бөліп, дәндерінен тазартып, ұзыншалап тураймыз.
- Пияздың да қабығын аршып, жартылай дөңгелектеп турау керек.
- Екі қабатталған фольга қағазын табаға салып, оның бетіне балықты қоямыз. Сосын балықтың іші-сыртына маринадты жағып, балықтың айналасына туралған пиязды, қызанақ пен болгар бұрышын салып, фольганы ораймыз.
- Осылайша оралған балықты 200 градусқа қыздырылған пеште 30 минуттай пісіреміз. Жарты сағат өткеннен кейін фольганы ашып, балықты пешке қайта саламыз да, тағы да 10 минуттай пісіреміз.
- Дайын балықты тәрелкеге салып, аскөкпен, лимонмен әсемдеп дастарханға тарта беруге болады.
ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗ:
Мексикандық әдіспен дайындалған ЭНЧИЛАДА