​Қаймақ пен сүзбеден тәтті пирог

0
287


​Қаймақ пен сүзбеден тәтті пирог


Қажетті қоспалар:

  • 300 гр. ұн
  • 100 гр. сары май
  • 50 гр. қамыр қопсытқыш
  • 0,5 шай қасық тұз
  • Салмасына:
  • 400 гр. сүзбе
  • 150 гр. қаймақ
  • 150 гр. қант
  • 3 дана жұмыртқа
  • 1 ас қасық лимон қабығы
  • 1 шай қасық ванильді қант


Дайындалу тәсілі:

  1. Блендер ыдысына ұн, қант, ванильді қантты салып, сары май қосып, бір араластырып алыңыз. Содан соң тұз бен ас содасын қосып, тағы бір араластырып жібересіз.
  2. Барлығын біркелкі массаға айналғанша араластыру керек. Егер қамыр тым құрғақ болса, 1-2 ас қасық су қосып, қайтадан араластырсаңыз, ұн бір-біріне жабыса бастайды. Бірақ иленген қамыр сияқты болып шықпайды.
  3. Енді салмасын дайындайық. Қант пен ванильді қантты, жұмыртқа, үккіштен өткізілген лимон қабығын блендерге салып, біркелкі массаға айналғанша араластыру керек.
  4. Формаға пергамент қағазын салып, ұн мен сары май араласпасының бір бөлігін жайып салыңыз. Қабырғаларына да жабыстырып шығуды ұмытпаңыз.
  5. Қамырдың бетіне сүзббе араласпасын жайып салып, оның үстіне қалған қамырды саласыз.
  6. Осылайша дайындалған пирогты 180 градусқа қыздырылған пеште 45 минут пісіру керек.
  7. Осы уақыт аралығында пирог та дайын болып қалады. Пирогты пештен алып, суытыңыз. Сосын 4-5 сағат тоңазытқышқа салып қою керек. Кейіннен пирогты кесіп жей беруге болады.


Дайындаған: Қ.Өмірзаққызы,

ERNUR.KZ


ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗ:


Өте дәмді «маргарита» пиццасы