Өте дәмді «маргарита» пиццасы

0
426

"Маргарита" пиццасын барлық балалар сүйіп жейді. Оны жасай алу әрбір ананың қолынан келуі керек. Ендеше пиццаны өз қолыңызбен дайындап көріңіз!


Өте дәмді «маргарита» пиццасы

Қажетті қоспалар:

  • Қамырға: 1,5 стақан ұн
  • 1 шай қасық ашытқы
  • 1 шай қасық қант
  • 0,5 стақан су, тұз
  • 4 ас қасық өсімдік майы
  • Салмасына:
  • 3 ас қасық томат тұздығы
  • 2 ас қасық зәйтүн майы
  • 1 тіс сарымсақ
  • Дәміне қарай тұз
  • 200 гр. моцарелла ірімшігі
  • 8 дана черри қызанағы
  • Азырақ насыбайгүл


Дайындалу тәсілі:

  1. Ең алдымен пиццаның қамырын дайындап алу керек. Ол үшін жылы суға қант пен ашытқыны салып, бетін жауып, 10-15 минутқа қалдырыңыз.
  2. Ыдысқа 2 ас қасық зәйтүн майы мен тұз қосып, жақсылап араластырыңыз.
  3. Барлық қоспаларды қосып, ұнды салып, барлығын араластырып, қамыр илеңіз.
  4. Қамыр жұмсақ болып шығуы керек. Соңында қолыңызға өсімдік майын жағып, қамырды бір илеп жібересіз.
  5. Енді пиццаның салмасын дайындайық. Балғын насыбайгүлді майдалап турап, қызанақтарды да тілімдеп турайсыз.
  6. Сарымсақтың қабығын аршып, екіге бөліңіз. Сосын табаны отқа қойып, май құйып, қыздырыңыз. Сарымсақты салып, 2 минуттай қуырасыз. Томат тұздығын құйып, қозғап отырып, қайнату керек. 2 минуттан соң майдалап туралған насыбайгүлді саласыз. Сонымен тұздық та дайын.Ішіндегі сарымсақты алып тастап, тұздықты суытыңыз.
  7. Моцарелланы турап, бір бөлігін үккіштен өткізсеңіз де болады.
  8. Қамырды жайып, табаның жан-жағына созыңыз.
  9. Сосын қамырға тұздықты жағып, моцарелланы қойып шығыңыз.
  10. Кейіннен қызанақтарды жайғастырыңыз. Осылайша дайындалған пиццаны қызып тұрған пешке салып, пісіріп алыңыз.

Дайындаған: Қ.Өмірзаққызы,

ERNUR.KZ


ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗ:


Бауырды қаймақ қосып бұқтырып көріңіз