​Қараөріктен тез дайындалатын пирог

0
3 856

Қара өріктен дайындалатын бұл пирог та өте дәмді болып шығады


​Қараөріктен тез дайындалатын пирог

фото: sorokulya.ru

Жаз мезгілінде жеміс-жидектерден түрлі торттар мен пирогтарды дайындауға болады. Тек жасалу жолдарын біліп алсаңыз болғаны. Қара өріктен дайындалатын бұл пирог та өте дәмді болып шығады. Сол себепті де біздің ас мәзіріне ұсынған барлық рецепттерді бақылап отырыңыздар!

Қажетті өнімдер:

  • 3 дана жұмыртқа
  • 1-1,5 стақан қант
  • ½ стақан сүт
  • 1 астақан өсімдік майы
  • 3 стақан ұн
  • 2 шай қасық қамыр қопсытқыш
  • 10 гр. ванильді қант
  • 1 ас қасық сірке суы
  • Салма үшін:
  • 1 кг қараөрік
  • 2 ас қасық қант
  • 10 гр. ванильді қант
  • 2 ас қасық ром
  • 1 шай қасық даршын

фото: tvpovar.ru

Дайындалу тәсілі:

  1. Қара өрікті ортасынан бөлесіз де, сүйегін алып тастайсыз. Сосын оған қант пен ванильді қантты, ром, даршынды қосып, барлығын жақсылап араластырасыз.
  2. Ұнды елеп алып, қамыр қопсытқышпен араластырыңыз.
  3. Жұмыртқаны қантпен, ванильді қантпен араластырып, сүт, өсімдік майы және сірке суын құйыңыз. Сосын басқа да қоспаларды салып, араластырыңыз.
  4. Дайын қамырды формаға құйып, бетіне қара өрік араласпасын жайып саласыз.
  5. Пирогты қызып тұрған пеште 50 минуттай пісіру қажет. Сонда дәмді пирог та дайын болады.

Құрманкүл Әти,

ERNUR.KZ