​Қияр қосылған ӨТЕ ДӘМДІ үш салат

0
5 234

Қияр мен қызанақ қосылған салаттан жалыққан болсаңыз, мына ерекше мәзірлерге назар аударыңыз!


​Қияр қосылған ӨТЕ ДӘМДІ үш салат

Жаз мезгілі болғандықтан да көкөністер қосылған салатты күн сайын жегің келеді. Бірақ та үйреншікті мәзірмен дайындалған салат бәрімізді де жалықтырғаны сөзсіз. Сол себепті де өте арзан әрі пайдалы қияр қосылған салаттарды ұсынып отырмыз.


Түрікше қияр салаты

Қажетті өнімдер:

  • 4 дана қияр
  • 1 дана қызыл пияз
  • Жалбыз, аскөк, салат жапырағы
  • Қаймақ немесе йогурт
  • 1-2 ас қасық зәйтүн майы
  • 2-3 тіс сарымсақ
  • Дәміне қарай тұз салынады.

Дайындалу тәсілі:

  1. Дайындалуы жағынан айтарлықтай ерекшелігіл жоқ бұл салатты жасау қиын емес. Қиярды дөңгелектеп, ал, пиязды жұқалап тураймыз.
  2. Жалбыз бен майдалап туралған сарымсақ салатқа өзіндік дәм береді. Сондықтан да бұл қоспаларды міндетті түрде қосыңыз. Сонда ғана дәмі ерекшеленіп шығады.
  3. Соңында салатқа зәйтүн майы мен тұз қосып, барлығын араластырсаңыз болғаны.


Жұқалап туралған қияр салаты

Қажетті өнімдер:

  • 500 гр. қияр
  • 2-3 тіс сарымсақ
  • Дәміне қарай тұз, бұрыш
  • 3-4 ас қасық соя соусы
  • 3-4 ас қасық өсімдік майы
  • 2 ас қасық күнжіт.

Дайындалу тәсілі:

  1. Бұл салатты дайындау үшін қиярды ұзына бойы өте жұқалап турау керек. Ал, күнжітті міндетті түрде қуыру керек.
  2. Сарымсақты да майдалап турайсыз немесе арнайы езгіштен өткізесіз.
  3. Содан соң барлық қоспаларды қосып, араластырсаңыз, салат та дайын болады.


Алма мен қияр қосылған салат

Қажетті өнімдер:

  • 2 дана қияр
  • 1 дана жасыл алма
  • Азырақ аскөк
  • 1-2 тіс сарымсақ
  • Дәміне қарай тұз
  • Зәйтүн майы

Дайындалу тәсілі:

  1. Қияр мен алманы ұзыншалап турайсыз. Екеуі де бірдей етіп туралуы керек.
  2. Сосын сарымсақты езіп, аскөкті майдалап турайсыз.
  3. Зәйтүн майы мен дәмдеуіштерді қосып, жақсылап араластырамыз. Сонда салат та дайын болады.

Дайындаған: Құрманкүл Өмірзаққызы,

ERNUR.KZ


ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗ:


ЧУПА-ЧУПСке не қосылатынын білесіз бе?


1 стақан фарш + 1 стақан айран - дәмді пирог


Дайындалуы ЕҢ ОҢАЙ әрі ДӘМДІ тағамдар