​ Құлпынай қосылған КЕКС

0
2 275

Сіз мұндай кексті бұрын жеп көріп пе едіңіз?


​ Құлпынай қосылған КЕКС


Құлпынай кекске ерекше дәм беріп, көңіл-күйіңізді көтереді. Құрамындағы С дәрумені иммунитетті де нығайтатыны белгілі. Ендеше құлпынай қосып, кекс пісіріп көрейік.


Қажетті қоспалар:

  • 150-200 гр. құлпынай
  • 3 дана жұмыртқа
  • 200 мл қант
  • 100 мл өсімдік майы
  • 200 мл сүт
  • 5 гр. ванильді қант
  • 2,5 стақан ұн (300 гр)
  • 10 гр. қамыр қопсытқыш.


Дайындалу тәсілі:

  1. Алдымен кекстің қамырын дайындап алу керек. Ол үшін табаққа 3 жұмыртқаны жарып салып, шекерді қосамыз да, жақсылап араластырамыз. Миксер болса миксермен араластырған дұрыс. Содан соң өсімдік майы мен сүтті қосып, тағы да жақсылап араластырамыз.
  2. Енді осы араласпаға қамыр қопсытқышты, ванилинді саламыз. Қажетінше ұн қосып, барлығын жақсылап араластырамыз.
  3. Қоюланған кезде кекс пісіруге арналған сликонды формаларға аз-аздан құйып шығамыз. Оның бетіне майдалап туралған құлпынайды саламыз. Содан соң қайтадан бетіне азырақ қамырдан құйып, кексті пешке салып пісіреміз.
  4. Осылайша дайындалған өте дәмді кекстерді суытып қоямыз. Суыған соң тәрелкелерге салып, шаймен іше беруге болады.

Дайындаған: Құрманкүл Өмірзаққызы,

ERNUR.KZ


ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗ:


Қырыққабат пен тауық етінен пісірме


Алма қосылған тәтті күлше