​Қызылшадан қайнатылатын сорпа

0
3 509

Қажетті заттар: * 650 г қызылша * 5 шай қасық зәйтүн майы * 1 дана пияз * 2 түйір сарымсақ * Тұз және бұрыш * ½ дана апельсин * 1 л көкөніс сорпасы


​Қызылшадан қайнатылатын сорпа

Қажетті заттар:

* 650 г қызылша

* 5 шай қасық зәйтүн майы

* 1 дана пияз

* 2 түйір сарымсақ

* Тұз және бұрыш

* ½ дана апельсин

* 1 л көкөніс сорпасы

* 4 ас қасық кілегей

* 4 ас қасық йогурт

* 4 ас қасық туралған аскөк

Дайындау тәсілі:

Қызылшаны тазалап жуып, фольга қағазына орап, 200 С-қа қыздырылған пешке салып, 1 сағат пісіреміз.

Содан соң, қабығын тазалап, майдалап турау қажет.

Енді табаға зәйтүн майын құйып қыздырып, сарымсақ пен пиязды қуырамыз.

Үстінен қызылшаны салып, дәміне қарай тұз және бұрыш сеуіп араластырамыз.

5 минуттан соң, барлығын кастрөлге салып, көкөністен жасалған сорпаны, апельсин шырынын құямыз.

Кастрөлдің қақпағын жауып, 10 минут жай отта қанату керек.

Содан кейін блендердің көмегімен езіп, дәміне қарай дәмдеуіштерді салып, қозғаймыз.

Дастарханға қояр алдында үстіне кілегей, йогурт салып, көк пиязбен әрлеп қойған керемет болады.