Өте дәмді әрі ерекше бұқтырма тағамын сыйлы қонақтар келгенде дайындасаңыз болады. Бұл тағамды мантықазанға салып қойып, дастарханыңызды жайната бересіз. Үйіңізге келген қонақтар шексіз риза болары сөзсіз.
Қажетті қоспалар:
- Мантықазан суына:
- Сүйекті ет
- 1 дана пияз
- 1 дана сәбіз
- Зира, тұз,
- Мантықазанның 1-ші табағына:
- 1-2 кг ет
- Дәміне қарай тұз, бұрыш, зира
- Өсімдік майы
- Мантықазанның 2-ші табағына:
- 1 кг картоп
- 1-2 дана сәбіз
- 1 дана пияз
- Тұз, паприка
- 2 дана болгар бұрышы
- 3-4 дана қызанақ
- Азырақ асқабақ
- дәміне қарай тұз, паприка
Дайындалу тәсілі:
- Ең алдымен етті ірілеп турап, көкөністердің қабығын аршып дайындап аламыз. Барлығын тазалап жуу керек.
- Содан соң мантықазанға су құйып, осы суға алдымен сүйектерді салып, бір қайнатып аламыз да, көбігін алып, дәмдеуіштерді қосамыз.
- Енді мантықазанның 1-ші қасқанына маринадталған етті саламыз. Сосын 2-ші қасқанға дәмдеуіштермен араласқан көкөністерді саламыз. Барлығын жақсылап араластырып, содан кейін салған дұрыс.
- Енді бірінші етті, сосын көкөністер салынған қасқанды мантықазанның үстіне қойып, жай отта 2 сағаттай қайнатамыз.
- Дайын болған тағамды арнайы астауға рет-ретімен салып, әдемі қалпында дастарханға ұсына берсек болады.
Дайындаған: Қ.Өмірзаққызы,
ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗ:
Ауызашар дастарханына арналған АССОРТИ кәуап