Мына асханалық қулықтар әйелдердің жүйкесіне әсер етпейді

0
5 646

Асханада көп уақытыңызды өткізесіз бе? Олай болса, мына кеңестерді пайдаланып, жұмысыңызды жеңілдетіңіз!


Мына асханалық қулықтар әйелдердің жүйкесіне әсер етпейді

фото: adme.ru

Қазақ келіндері күнделікті асханадан шықпай, ата-енесі мен бала-шағасына, жалпы отбасы мүшелеріне түрлі дәмді тағамдарды әзірлейді. Бірақ та олардың да бұл күйбең тірліктен шаршайтын сәттері болады. Сондайда жұмысын жеңілдететін әдіс-тәсілдерді білмей жататыны белгілі. Ал, мына асханалық қулықтарды біліп алса, асүй ханшайымдарының жұмысы біраз жеңілдері сөзсіз.

Бұл қулықтар қарапайым көрінуі мүмкін. Бірақ та үйреніп, санаға түйіп алғанның еш зияны жоқ.


Жұмыртқаны әдемі етіп пісіру

Жұмыртқаны жарып табаға салғаннан кейін, сары уызының бөлек, әдемі болып піскенін қаласаңыз, ақуызы мен сары уызының арасын айналдыра пышақпен кесіп қойыңыз. Сонда жұмыртқаның ақуызы дөңгелек болып жайылып, көңіліңіздегіден шығатын болады.


Ең керемет маринад

фото: botanichka.ru

Тәжірибелі аспаздар ет пен балықты пакетке салып маринадтауға кеңес береді. Сонда ет толықтай маринадталады әрі дәмі кіре түседі.


KFC пісіріп көрдіңіз бе?

Тауық етін ұнтаққа аунатып пісіргіңіз келеді. Алайда оның пісіп шыққаннан кейінгі қалпы сізге ұнамай ма? Олай болса мына әдісті қолданып көріңіз. Тауық еті тура KFC секілді шығады. Ол үшін тауық етін аунататын ұнтаққа азырақ сұлы ұнтағын қосқан дұрыс.


Тақтай жылжып кетпес үшін...

фото: kaifzona.ru

Түрлі көкөністерді, етті немесе басқа да тағамға қажеттілерді турау үшін тақтайды падаланамыз. Кейде дастарханның беті су болса тақтайымыз сырғанап, жұмыс істеуге кері әсерін тигізіп жатады. Міне, мұндайда тақтайдың астына сулы майлықты төсеп қою керек. Сонда тақтай мүлде жылжымайды.


Картоптың күртілдек болып піскенін қалайсыз ба?

Ол үшін қажетті картопты қайнатып, текшелеп турайсыз. Сосын бөлек ыдысқа ұнды, тұз бен ұнтақталған бұрыш пен сарымсақты салып, араластырыңыз.

Сөйтіп туралған картопты осы ұнтаққа саласыз. Ыдыстың қақпағын жауып, араластырған дұрыс. Сонда ұнтақ толықтай картопқа жабысады. Дайын картопты пешке пісіріп ала бересіз.


Сұлы ботқасын қайнатпай-ақ дайындауға болады

Таңертең сұлыны қайнатып жүргенді қаламасаңыз, ұйқыға жатарда сұлы жармасын суға немесе сүтке салып қойыңыз. Сонда таңертең ботқа да дайын болады. Тек жылытып жіберсеңіз болғаны.


Пышақ өткір болсын десеңіз…

Пышақты өткірлегеннен кейін қалай пайдалануды білесіз бе? Әлде аз уақыт өтпей-ақ пышағыңыздың жүзі қайтып қала ма? Егер пышақтың үнемі өткір болғанын қаласаңыз, шыны тақтайды пайдаланбаңыз. Сонымен қатар, тұз да пышақтың өтуіне кері әсерін тигізеді екен. Сондықтан да осы нәрселерден сақ болу керек. Пышақ өткір болса, көп күш жұмсамайтыныңызды да ұмытпаңыз. Оның үстіне өткір пышақтан қауіп те аз болады.


Етті мұздатқыштан шығаруды ұмытып кетсеңіз

фото: kak-za4em.ru

Кей жағдайларда етті мұздатқыштан шығаруды ұмытып, қажет кезінде еріте алмай жүретініміз рас. Ал, бүгін біз 5 минутта етті жібітудің амалын айтпақпыз.

Етті жұмсарту үшін екі алюминий ыдыс пен су қажет.

Алдымен бір ыдысты төңкеріп қойыңызда оның бетіне пакетке салынған етті қоясыз. Содан соң оның бетіне су толтырылған екінші кастрөлді орналастырасыз. Бес минуттан соң еттің тез жібігенін байқайсыз.

Мұндағы бар қулық алюминийдің жылу өткізгіштігінде болып тұр. Жалпы мұздатқыштан алынған етті біраз уақыт кыдысқа жай ғана салып қоятын болса, мұзы тез ериді.


Сары майды да тез жұмсартуға болады

Сары майды пісірмеге арналған қағазға салып ораңыз да, оқтаумен 1 см-ге дейін жайыңыз. Сонда май тез ериді.

Егер майдың толықтай ерігенін қаласаңыз, микротолқынды пешке салып алуға болады. 30 секунд ішінде майды нанға жағып жей бересіз.


Қиярдан ащы дәм шықпас үшін

Қияр – көкөністердің ішіндегі ең ерте пісетін түрі. Бірақ кейде сол дәмді қиярдан «дәмсіздікті» сеземіз. Одан ащы дәм шығып, жеу мүмкін болмай жатады. Мұндай қиярдан ащы дәмін «алып тастауға» болады екен.

Қиярдағы ащы дәмді кетіру үшінекі басын кесіп алып, сол кесілген жерге үйкейді. Сонда ақ көбік шыға бастайды. Ақ көбік шығып таусылғанша осылай үйкеу керек.


Тағамның дәмін күшейткіш

Жылы суға бірдей көлемде тұз бен қантты салыңыз. Дайын болған судың дәмін татсаңыз, судың ащы не тәтті екенін айыра алмайсыз. Мұндай ерітінді тауық етін пісірерде, күріш қайнатарда пайдалануға болады.


Тіс тазалағыш жіптің пайдасы мол

Жұмсақ торттар мен сырларды кесу үшін тіс тазалағыш жіпті қолдануға болады. Әсіресе ерекше иісі жоқ арнайы жіптермен үлкен көлемдегі торттарды кескен өте ыңғайлы. Егер бұрын жасап көрмеген болсаңыз, тәжірибелен өткізіп көріңіз.


Миксерге арналған қосымша құрал

Миксермен ашық ыдыста тұрған сұйықтықты араластырғыңыз келсе, оның бетіне бір реттік пластмассадан жасалған тәрелкені қоюыңызға болады. Сонда табақтың ішіндегі араласпа жан-жаққа шашылмайды. Бұл қулықты да пайдаланып көргеннің артықтығы жоқ.

Дайындаған: Құрманкүл Өмірзаққызы,

ERNUR.KZ