Тәтті тортты дайындауына көп уақыт кеткенімен, шаймен ішкенде шаршағаныңды ұмытып кетесің. Сіз де өте дәмді әрі тез дайындалатын тортты жасап көріңіз.
Қажетті қоспалар:
- 150 гр. печенье
 - 50 гр. сары май
 - 8 гр. желатин
 - 150 гр. банан
 - 60 гр. қойылтылған сүт
 - 200 гр. кілегейлі ірімшік
 - 75 гр. кілегей
 - 150 гр. құлпынай
 - 40 гр. қант
 - 40 гр. су
 - 2 гр. желатин
 - 0,5 шай қасық лимон шырыны
 - 150 гр. құлпынай
 
Дайындалу тәсілі:
- Бананды шанышқымен езіп аламыз. Сосын печеньені ұнтақтап, 50 гр. сары маймен араластыру керек.
 - Дайын күлше араласпасын формаға салып, үстінен басып тегістейміз.
 - Банан езбесін табаққа салып, оған кілегейлі ірімшікті қосып, екеуін жақсылап араластырамыз. Сосын 60 грамм қойылтылған сүт қосып, суға ерітілген желатинді де саламыз.
 - Кілегейді миксермен барынша көпіршітіп, банан езбесіне саламыз. Сөйтіп барлығын қасықпен жай ғана араластыру керек.
 - Құлпынайды ортасынан кесіп, тоңазытқышқа салынған форманың жан-жағына айналдыра саламыз.
 - Ортасына кілегей массасын құйып, бетін тегістейміз.
 - Қалған желатинді де суға салып ерітіп, құлпынайды дөңгелектеп тураймыз. Құлпынай мен желатинді араластырып, торттың бетіне саламыз. Қалған сиропты да құйып жіберуге болады. Осылайша дайындалған тортты 2-3 сағат тоңазытқышқа салып қою керек.
 - Дайын тортты кесіп жей беруге болады. Астарыңыз дәмді болсын!
 
Дайындаған: Қ.Өмірзаққызы,
ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗ:
                        
                        
                    
