«Ұйқысы ауысып кеткен» баланы ТАУЫҚҚОРАҒА кіргізіп айналдырады

0
3 862

Мұндай ырымды бұрын-соңды естіп көрген бе едіңіз?


«Ұйқысы ауысып кеткен» баланы ТАУЫҚҚОРАҒА кіргізіп айналдырады

фото: pishohid.org.ua

Салт-дәстүр, бала тәрбиелеудегі қазақы методикалар, халықтық ем-домдар туралы қазақ тілді контент өте аз, оның өзі мардымсыз.

Әсіресе жүктіліктің әр кезеңі, бала туғаннан кейінгі әйелдің өзін-өзі оңалту шаралары, нәресте ауырып қалса не істеуге болатыны туралы қазақ тілінде кеңестер таппай әбігерге түсіп жатады. Соған қарамастан, керекті мәліметті іздеген аналар көнекөз әжелердің, енелердің тәжірибесіне сүйеніп те жатады. Бұл әрине дұрыс.

Әсіресе бала күтімінде алтын құрсақты аналардың тәжірибесі көмекке келеді. Оның ішінде аналардың бала күтіміне қатысты көптеген тәжірибесі бар.


Бала түнде ұйықтамаса бұрынғылар не істеген?

Кішкентай сәбилердің ұйқысы алғашқы кезеңде тұрақсыз болып келеді. Бала бір айлық кезеңіне дейін күндіз де, түнде де көп ұйықтауы мүмкін. Ал өсе келе ұйкысының уақыты өзгере түседі.

Кейбір балалар түнгі ұйқысын ауыстырып алып жатады. Аса қатты жылауық болмаса да, түнгі ұйқысы қашып, күндіз ұйықтайтын балалар да кездеседі. Мұндайда халықтық методикаларға арқа сүйеген жөн болады. Өйткені, бала жыламайды, мазасызданбайды. Тек қана бала ұйықтамағандықтан, анасы да түнгі ұйқысынан айырылып шаршайды. Әрине, анаға бұлай ауыр. Сондықтан, қазақтың ырымдарына сүйенген дұрыс болады.

фото: eduken.in

Түнде ұйықтамайтын балаларға мынадай жөн-жоралғылар жасаған:

  • Баланың киімін оңынан теріс қаратып кигізіп қоятын болған. Бұндай ырымды білмейтін ана жоқ шығар.
  • Баланың әкесін таң атар тұста тауық қораға кіргізіп, отырғызып қоятын болған. Бұл да наным-сенімнен туындаған. Бұлай ету арқылы әкесі баланы құс ұйқысынан айықтырады деп есептеген. Сондай-ақ, баланың әкесі болмаған жағдайда немесе бұл ырымды жасауға мүмкіндік болмаған кезде баланың өзін әжесі немесе анасы көтеріп, тауық кепеге кіргізіп, ішін бір айналып шығады. Бұл да баланың ретсіз ұйқысын реттейді деген сенімнен туған ырым.
  • Үйден бір шелек су алып, оны көршінің бағындағы ағашқа құйған. Содан соң сол көршіден бір шелек су әкеліп өз бағына құйған. Осыдан кейін баланың ұйқысы ауысады деп сенген.
  • Сонымен қатар, баланың ұйқысы – алыстағы жолға шыққалы жатқан немесе сағынып жүрген жақын адамының шыбығы деп саналған. Сол адам бір мауқын баспай, баланың ұйқысы реттелмейді деп сенген.


Егер сіздің де отбасыңызда осындай мәселе болса, балаңыздың ұйқысы ауысып кетсе, осы ырымдардың бірін жасап көріңіз, пайдасы тиер.

Дайындаған: Г.Жұмаділдаева,

ERNUR.KZ


Тағы да оқыңыз:


«Малын КІРЛЕУ» садақасы деген не?

Баталы ел арымас, батасыз ел жарымас