Артық калорияны ЖОЙЫП ОТЫРАТЫН 7 ҚУЛЫҚ

0
4 395

Артық майдың ағзаға жиналуы аз қимылдаудан екенін білетін боларсыз.


Артық калорияны ЖОЙЫП ОТЫРАТЫН 7 ҚУЛЫҚ

Әрбір адам өзінің сырт келбетінің тартымды болғанын қалайды. Бірақ та қатаң диетаға отырып, жаттығулармен айналысып арықтағанды қаламайды. Дегенмен, фигурасының әдемі болғанын, дене-бітімінің аз емес. Семіздіктен арылып, толысып кетпеу үшін де қулық қажет екен.


Салқын бөлме

Бөлме температурасын төмендететін болсаңыз, майлар өз-өзінген ыдырай бастайды. Мұны суық жақта тұратындардан аңғаруға болады. Себебі адамның денесі жаурауды сезсе, жылыту үшін энергия жұмсайды. Мамандар мұндайда артық майлардың жойылатынын айтады. Ендеше, үйдегі температураны жоғарылатпай, керісінше түсіруді де ұмытпайық. Салқын бөлмеде көбірек жүруге, ұйықтауға тырысыңыз.


Пультті қолданбаңыз

Үйдегі пульттің бәрін көзге көрінбейтін, қол жетпейтін жерге тығып тастаңыз. Сөйтіп өзіңіз орныңыздан тұрып, барлық құралдарды қолмен қосуға тырысыңыз. Міне, бұл да қимыл-қозғалыстың бір түрі. Әсіресе теледидарды пультпен басқармайтын болсаңыз, балаларды да каналдарды ауыстыруға жұмсамасаңыз сіз үшін пайдалы болар еді.


Диванда жатып алуды қойыңыз


Диванда жатсаңыз, ешқандай энергия жұмсамайсыз. Ал, кілемнің үстіне жататын болсаңыз, өзіңізге ыңғайлы орын тапқанша қозғалатын боласыз. Тіпті, бір орында тыныш жатпайсыз. Осылай теледидар көрген диванда жатқаннан пайдалырақ екені даусыз.


Көп жүруге тырысыңыз

Жоғарыда айтқандарымыздай қимыл-қозғалыстарға жаяу жүруді қосатын болсаңыз, ішкі ағзалардың жұмысы жақсарып, арықтауға қол жеткізесіз. Мысалы, жұмысқа барарда немесе қайтарда жақын жолдарды таңдамай, айналып баратын жолдармен жүрсеңіз болады. Сонымен қатар, баспалдақпен шығып, түсетін жерлерді де көптеп пайдаланған дұрыс. Бұдан бөлек, қоғамдық көліктерге мінсеңіз, 2-3 аялдама бұрын түсіп қалып, барынша жаяу жүруді қолға алыңыз. Күніне 30 минуттай жаяу жүрудің өзі семіздіктен арылуға айтарлықтай септігін тигізеді.


Аз жеңіз, бірақ жиі-жиі тамақтаныңыз

Асқорыту кезінде де ағза энергия жұмсайды. Сол себепті де жиі-жиі тамақтанатын болсаңыз, зат алмасу жүйесінің жұмысы жылдамдап, аңсаған салмаққа жылдам қол жеткізетін боласыз.


Телефонмен сөйлесу барысында да қозғалып тұрыңыз

Әсіресе әйелдер қауымы телефонмен сағаттап сөйлесетінін білеміз. Осындай сәттерде диванға отырмай, қимыл-қозғалыс жасап тұруыңыз керек. Артық майдың ағзаға жиналуы аз қимылдаудан екенін білетін боларсыз. Ендеше телефонмен сөйлесу сәтін де тиімді пайдалана білген дұрыс.


Ащы тағам

Бұл жаңалық ащыны ұнататындар үшін жағымды болмақ. Ащы тағам – ағзадағы зат алмасу процесін жылдамдатып, калорияны азайтады екен. Мұндай кезде ащы тағамды қорыту барысында дене қызып, жүрек қатты соғады. Осының әсерінен энергия көп бөлініп, сіздің де арықтайтын күніңіз жақындай түседі.

Дайындаған: Құрманкүл Өмірзаққызы,

ERNUR.KZ


ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗ:


Арықтауға ерік-жігері жетпей жүргендерге мына нәрселер жақсы көмектеседі


Қыста семірмеудің ерекше 8 амалы