Бүгінде еліміздің ең үздік диетологы атанып үлгерген Гүлвира Ибраева өз парақшасында күйеуінің қалай арықтағаны жайлы жазған болатын.
90 келіден 50 кг-ға дейін арықтаған Гүлвира ханым бүгінде көптеген қыз-келіншектің арықтауына көмектесіп, ақыл-кеңесімен бөлісіп жүргенін білеміз. Ол жақында ғана өзінің @gulviraibraeva инстаграм парақшасында жолдасының да өзі секілді семіздіктен арылғанын айтқан еді. Желідегі суреттерден-ақ бұл сөзінің растығына көз жеткізуге болады. Ал, диетолог мұндай нәтижені бірден бағындырмағанын әрі жолдасының да өзіне бірден сене қоймағаны жайлы былай дейді.
«"Жұртқа ақыл айтқанша, күйеуіңді арықтатып ал", "Дұрыс тамақтану дейсің, күйеуің шошқадай", деген секілді жағымсыз пікірлер келетін бұрындары.⠀
Енді, міне, жолдасым төрт айда 26 кг тастап, «подтянутый» жігітке айналды.⠀
Бірігіп жасайтын жаттығулар, ПП-рецептерді отбасылық @family_fit_doma парақшамыздан қарап отырсаңыздар болады.⠀
Бірақ өздеріңіз куәсіздер бәрі бір күнде болған жоқ. Мен ешқашан күйеуіме "сен арықта, дұрыс тамақ іш, жаттығу жаса" деп айтқан емеспін.⠀
Тек іспен көрсеттім. Ең басында 90 келі салмақпен ырсылдап, терлеп, қиналып жаттығу жасауға тырысып жүргенімде ол кісі, әрине, маған сенген жоқ. Ол күндердегі жаттығуым фитнеске де ұқсамайтын еді.⠀
Бөлек ыдысқа ас дайындап, менюмен тамақтана бастағанда да "О, болды, бәріміз саған көмектесеміз, біз де суға қайнаған ет жейміз", - деген емес.
Тек мен табандылық танытып бір тонналық бөлішкеден 50 келілік қыпша белге айналғанда ғана сенді.⠀
Ақиқат біреу ғана. Әуелі өзің өзгересің, сосын айналаңдағылар қимылдайды.
Күйеуге әсер ету үшін таңнан кешке дейін «арықта» деп миын жеудің керегі жоқ. Іспен дәлелде. Бітті.
Мен мұны әсіресе "марафонға қатысқым келеді, бірақ үйдегілер қуырылған жейді, жаттығу жасасам күйеуім күледі" дейтін әйелдерге айтып отырмын.⠀
Тек килограмдап кірген салмақ грамдап шығады. Дұрыс емес әдеттің бәрі сіз қайсарлық танытқанда оң әрекетке ауысады. Ең бастысы - алған беттен қайтпау керек», - дейді ол.
Иә, әр адамның өзгеруі өз қолында. Дегенмен, Гүлвира Ибраева секілді сүйген жарыңыздың арықтауына, артық салмақтан арылуына себепші болғыңыз келсе, қарап отырмаңыз. Ол үшін әрине, алдымен өзіңізбен жұмысты бастаңыз!
Сондай-ақ диетолог емдәмге отырған әрбір қыз-келіншекке диетаны бұзып қойған жағдайда не істеуге болатынын да айта кеткен.