Бір жылда бір рет ұстайтын 5 күндік ДИЕТА

0
256

Дәл осы мәзірмен тамақтанатын болсаңыз, 5 күн ішінде сіз 5-7 келі салмақтан арыласыз.


Бір жылда бір рет ұстайтын 5 күндік ДИЕТА

Күн жылына бастағаннан нәзікжандылар қауымы өз дене бітіміне көңіл аударып, фигурасын қалыпқа келтіре бастайды. Егер сіз де осындай қыз-келіншектердің қатарында болсаңыз, 5 күнге арналған мына диетаны пайдаланып көріңіз.

Арықтаудың бұл тәсілі ағзаға қажетті нәрлі заттарды беріп, артық тамақтануды екі есеге дейін азайтуға көмектеседі. Осының арқасында салмақ та ойдағыдай азаяды. Ең бастысы жылына бір рет осы диета мәзірі бойынша тамақтанып, басқа уақытта өзіңіздің күнделікті дәстүрлі тамақтануыңызды жалғастыра бересіз.


900 калориядан тұратын өте керемет диета

Дүйсенбі

Таңғы ас: 100 гр. қайнатылған сиыр еті, 20 гр. жасыл бұршақ, жарты алма, кофе.

Тіскебасар уақыт: 1 дана қайнатылған жұмыртқа.

Түскі ас: Көкөністерден дайындаллған қуырылмаған 1 шыны сорпа, 100 гр. қайнатылған ет, 1 дана кішірек қияр, кептірілген жемістерден дайындалған 1 стақан нәрсу.

Бесін ас: 200 гр. алма.

Кешкі ас:

Пеште піскен немесе қайнатылған 100 гр. балық, лимон шырыны қосылған 3 ас қасық қырыққабат салаты.


Сейсенбі

Таңғы ас: : 100 гр. қайнатылған сиыр еті, шай немесе кофе.

Тіскебасар уақыт: майсыз қуырылған немесе қайнатылған 1 дана жұмыртқа, 1 шыны шай немесе кофе.

Түскі ас: 1 шыны борщ, 1 стақан жемістерден дайындалған нәрсу.

Бесін ас: пеште піскен 1 дана алма.

Кешкі ас: буға піскен 100 гр. тауық еті.


Сәрсенбі

Таңғы ас:

Сәбізден дайындалған суфле, 1 дана кішірек алма, 1 шыны кофе.

Тіскебасар уақыт: Қайнатылған 1 дана жұмыртқа.

Түскі ас: 100 гр. майсыз, құрғақ табада піскен балық немесе қайнатылған балық.

Бесін ас: 200 гр. алма.

Кешкі ас: 100 гр. қайнатылған сиыр еті, сүт қосылған 1 шыны шай.


Бейсенбі

Таңғы ас: екі тілім бұқтырылған балық, шай.

Тіскебасар уақыт: 1 дана қайнатылған жұмыртқа

Түскі ас: Көкөністерден дайындалған сорпа, 1 тілім қайнатылған сиыр еті, 1 дана қияр, шай.

Бесін ас: 200 гр. алма.

Кешкі ас: 100 гр. қайнатылған балық, 2-3 ас қасық аскөк пен қырыққабат салаты.


Жұма

Таңғы ас: 100 гр. балық, 1 шыны шай немесе кофе.

Тіскебасар уақыт: майсыз қуырылған 1 дана жұмыртқа.

Түскі ас: көкөністерден дайындалған қайнатпа сорпа, 3-4 ас қасық көкөністерден дайыныдалған рагу жеуге болады.

Бесін ас: 200 гр. жидектер.

Кешкі ас: 1 дана қайнатылған жұмыртқа.

Ескерту! Барлық күндері жатар орынға 1 стақан майсыз айран ішуге болады. Дәл осы мәзірмен тамақтанатын болсаңыз, 5 күн ішінде сіз 5-7 келі салмақтан арыласыз.

Дайындаған: Қ.Өмірзаққызы,

ERNUR.KZ


ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗ:


Арықтай алмау - адамның жасына да байланысты