​ Ұзақ өмір сүруге септігін тигізетін шипалы 5 өсімдік

0
2 135

Ғалымдар зерттеуі бойынша куркума, зімбір, қалақай сынды өсімдіктер иммундық жүйені нығайтып, ағзаның қалыпты жұмыс істеуіне көмектеседі екен.


​ Ұзақ өмір сүруге септігін тигізетін шипалы 5 өсімдік


Ұзақ өмір сүрудің құпиялары көп-ақ. Бірі күніне 5-6 рет аз-аздан тамақтау арқылы деп жатса, енді бірі тамақтану рационынан жеміс-жидектерді үзбеу арқылы көп жасауға болады дейді. Енді бірі күнделікті жасалатын жаттығулар да ағзаны нығайтып, күш-қуатты арттыратынына сенеді. Мұның бәрі бос әңгіме дей алмаймыз, дегенмен, ағзаға пайдалы өсімдіктердің де барын ұмытпауымыз керек.

Ғалымдар зерттеуі бойынша куркума, зімбір, қалақай сынды өсімдіктер иммундық жүйені нығайтып, ағзаның қалыпты жұмыс істеуіне көмектеседі екен.


Насыбайгүл

Насыбайгүл – стресті болдырмай, ұйқысыздыққа ем. Сонымен қатар, энергияны тасытып, әлсіздіктен арылтатын керемет қасиеттерге ие. Денсаулықты нығайту үшін күніне насыбайгүлдің 12 жапырағын шайнап жеу керек дейді дәрігерлер. Насыбайгүлден шай демдеп ішсеңіз, тамақ ауруын емдеп, қабынбалы аурулардың алдын-алады екен. Оның үстіне аталмыз өсімдік жүрекке өте пайдалы. Себебі насыбайгүл қандағы зиянды холестеринді азайтып, инфекцияны қуады.


Қалақай

Қалақай созылмалы шаршаңқылықты басатын ең керемет өсімдік болып табылады. Кімде-кім депрессиядан, стреске берілден шаршаған болса, қалақайды пайдаланса болады. Қалақай ағзаны тазалап, денені тонусқа келтіреді.

Қалақай –қабынуға қарсы тұратын ең күшті құрал. Ал, қалақай шайы артритке ем және де кез-келген инфекциялық жағдайларда көмектесе алады. Бұдан бөлек, қалақайдың несеп айдайтын, тыныштандыратын қасиеттері де бар.

Бұл өсімдік сонымен қатар қанды тазалап, аллергиядан айықтыратынын да естеріңізге саламыз. Оның құрамы темірге, магний мен фолий қышқылына, А және С дәрумендеріне бай.


Родиола

Родиоланы көңіл-күйді көтеру, шаршауды басу, стрестен арылу мақсатында пайдаланған дұрыс. Себебі родиола адамның психикалық саулығын арттырып, барлық шаршау мен жүйкені тозуынан арылтады. Иммундық жүйені нығайтып, кез-келген келеңсіз жағдайға тап болғанды жүйкені жұқартпауға көмектесетін ең керемет өсімдіктердің бірі.

Родиола ағзадағы барлық жүйелердің жұмысын жақсартып, қан құрамындағы қантты теңестіріп отырады.


Куркума


Куркума әлемдегі ең пайдалы өсімдік. Оның көмегімен көптеген аурулардан айығып, ағзаны тазалауға болады. Дәрігерлердің өзі куркуманың емдік қасиетін жоққа шығармайды. Мысалы кейбір зерттеулерде куркуманың Альцгеймер, қант диабеті, қатерлі ісікті емдегенін кездестіруге болады.

Ағзаның қышқылдануы қартаюды тездететін процестердің бірі. Ал, куркума осындай нәрселерді болддырмай құрамындағы антиоксиданттардың көмегіменбос радикалдардан ағзаны қорғайды.

Куркуманы тағамға қосу арқылы оның пайдалы әсерін алуға болады. Осылайша аталмыш өсімдік адамның ұзақ өмір сүруі үшін қызмет етеді.


Зімбір

Зімбір 5 мың жыл бұрын танымал болған өсімдік. Оның тамырын қытайлықтар мен үндістандықтар ем ретінде пайдаланған екен. Өйткені зімбір ең таза әрі табиғи емдік қасиеті мол өсімдіктердің бірі болып табыладыц. Оның көмегімен көптеген ауруларды жазып, іш ауруын, буын ауруларын, артритті емдеп, тіпті, қатерлі ісік жасушаларын өлтіруге болады. Сондай-ақ, зімбір астманы емдеп, қанды тазалайтын, жөтелді жоятын, ас қорытуды жақсартатын қасиеттерге ие.

Зімбірдің құрамында марганец, темір, калий, магний, Е және С, В тобындағы дәрумендер, фолий қышқылы, эфир майлары, май қышқылдары жеткілікті. Оны табиғи антиоксидант деуге болады.

Дайындаған: Қ.Өмірзаққызы,

ERNUR.KZ

ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗ:


Грек жаңғағының жапырағында да ем бар


Мына 4 дәрілік шөптің көмегімен тұмаудың алдын алуға болады