Тұмау кезінде грек жаңғағынан тұнба дайындаңыз
Грек жаңғағының жапырағы кальций мен фосфорға бай
Жаңғақ жапырақтарын көктемде жинаған дұрыс. Дәл осы уақыттағы жапырақ пайдалы болады. Оның құрамында А, В1, С, Е, Р дәрумендері мен ақуыз, майлар, темір мен магний, кальций, фосфор бар. Сонымен қатар, грек жаңғағының жапырағында эфир майлары, флавоноидтар, танин, гидроюглон мен аскорбин қышқылы жеткілікті. Пайдалы құрамының арқасында грек жаңғағы көптеген аурулардың алдын алып, тіпті емдеуге септігін тигізеді екен.
Грек жаңғағының жапырағында қабынуға қарсы, бактерияларды өлтіретін, жараны жазатын, қан тоқтататын, құртты түсіретін, иммунитетті нығайтатын әсерлері де жоқ емес. Сондай-ақ, қан тамырларын кеңейтіп, жүйке-жүйені тыныштандырып, несеп айдайтынын да естеріңізге саламыз. Оның құрамында көптеп кальций мен фосфор болғандықтан да өсіп келе жатқан балалар организмі үшін де, екіқабат әйелдер үшін де өте қажет.
Ендеше, жаңғақ жапырағынан тұнбалар дайындап, дертіме дауа табайық. Егер асқазан-ішек жолдарында мәселе болса, жаңғақ жапырағын кептіріп, шаймен бірге демдеп ішу керек. Мұндай шай іш қатуын болдырмай, асқазан-ішек жолдарының жұмысын жақсартып, іштегі желді шығарады, ауырғанды басады.
Тұмау кезінде грек жаңғағынан тұнба дайындаңыз
Жапырақ тұнбасы тұмауратқанда керек ең жақсы көмекші. Тұнбаны дайындау үшін грек жаңғағының жапырағынан 2 дана, эвкалипт жапырағынан екеу, жалбыз жапырағынан екі данасын алып, 200-300 грамм қайнаған су құямыз. Тұнбаның сыртынан матамен орап, 7-8 минутқа қалдырамыз. Осы уақыт өткеннен кейін тұнбаға бал қосып, аз-аздан іше беруге болады. Тұнба суып қалмауы керек. Шым-шым қалыпта ішкен пайдалы.
Мамыр айында грек жаңғағының жапырақтарын жинап, тағы мынандай тұнба жасап ішіңіз. 1 ас қасық кептірілген жапырақтарға 2 стақан қайнаған су қйұып, су буында 30 минут қайнатасыз. Кейіннен тұнбаны сүзіп алып, ішек дисбактериозы кезінде 1/3 стқаннан күніне үш рет ішу ұсынылады. Емделу курсы – 21 күн. Осындай емді көктамырдағы қанайналымды жақсарту үшін де ішуге болады.
Стоматит, гингивит, қызыл иектің қабынуы кезінде де осындай тұнбамен ауыз қуысын жиі-жиі шайған пайдалы.
Екінші дайындалған тұнбаны жасөспірімнің бетіне безеу, қышыма, терінің зең ауруларында, тершеңдік байқалса, диатезді емдеу мақсатында да қолданғанның зияны жоқ.
Грек жаңғағының жапырағымен ванна қабылдаңыз
Ванна қабылдау – жүйкені тыныштандырып, тері ауруларын емдеуге көмектеседі. Сол секілді грек жаңғағының жапырағымен де ванна қабылдауға болады екен. Алдымен тұнба дайындап аласыз. Ол үшін 400 гр. грек жаңғағының жапырақтарына 1 литр су құйыңыз. Содан соң 15 минуттай қайнатып, тұндырып қоясыз да, сүзіп аласыз. Тап-таза тұнбаны 37-38 градус жылы ваннандағы суға құйып, 15 минут ваннан қабылдайсыз.
Грек жаңғағының жапырағынан тағы да осындай тұнба дайындап, шашты шаясыз. Мұндай тұнба шаш жиі түскенде, қайызғақ пайда болса және басыңыз қышыса осындай келеңсіздіктерді жоюға қауқарлы.