АРТРОЗ бен АРТРИТ ауруын бір ғана «СИҚЫРЛЫ» жаттығумен емдеуге болады

0
12 679

Өкініштісі, мұндай «тегін» емді көпшілігіміз біле бермейміз.


АРТРОЗ бен АРТРИТ ауруын бір ғана «СИҚЫРЛЫ» жаттығумен емдеуге болады

Күнделікті жасайтын жаттығуларыңыздың тізіміне тізерлеп жүруді де қосып қойыңыз. «Мұның қандай пайдасы бар?» деп ойлап тұрған боларсыз? Иә, бұл жаттығу қарапайым болып көрінеді. Дегенмен, оның пайдасы ұшан-теңіз. Әсіресе, буын ауруларына таптырмас ем болады.

Артроз ауруының оңай емі – тізерлеп жүру. Тіпті, дәрігерлердің өзі науқастарға осы жаттығуды жасап көруді ұсынып жатады. Өкінішке қарай, мұны көпшілігіміз біле бермейміз. Ауруды емдеу үшін қымбат дәрі-дәрмекке жүгінбес бұрын оның алдын алудың ойлаған абзал. Біз сізге ешқандай қаражат талап етпейтін, үй жағдайында орындалатын жаттығуды жасап көруге кеңес береміз.

Тізерлеп жүрудің пайдасы

Тізерлеп жүру тек артроз аурына ғана ем болмай, ол аяқ ауруы мазалайтын кез-келген жанға шипа береді. Жаттығу жасау арқылы омыртқаны қатайтып, артриттің белгілерін жеңілдетуге болады. Күнделікті жаттығу жасап жүрсеңіз, жаныңызға батқан ауруды да, қымбат дәрі-дәрмекті де біржолата ұмытасыз дейді мамандар.
Бұл жаттығу бұлшықеттер мен буындарға ауырлық түсірмейді. Дегенмен, бұл оның пайдасын арттырмаса, кемітпейді. Ең бастысы, жаттығуды арнайы фитнес залдарына барып жасаудың қажеті жоқ. Үйіңіздің бір бұрышы жеткілікті.

Егер сізде артроз ауруы қылаң бере бастаса, онда уақытты босқа өткізбей, тізерлеп жүруді қолға алыңыз. Буын ауырғанын басып, тіпті, мүлдем емдеуіңіз де мүмкін.

Тізерлеп жүруді сиқырлы жаттығуға теңеуге болады. Сиқырлылығы сол, онымен қай жаста да айналыса бересіз. Сонымен қатар, бұл жаттығуды жасауға ешқандай қарсы көрсетім жоқ.

Жаттығуды қалай жасайды?

Бәрі оп-оңай. Жаттығуға кіріспес бұрын еденге жұмсақ мата немесе кілем төсегеніңіз жөн. Сонда тізеңіз ауырмайды.

Еденге тізерлеп тұрыңыз. Алдымен артқа қарай, кейін алға қарай тізерлеп жүріңіз. Есіңізде болсын, жаттығу жасағанда кеудеңізді тік ұстаңыз. Алға немесе артқа қарай қисаймай, тік қалыпта жаттығу жасауға тырысыңыз. Тізерлеп тұрыңыз да, ақырындап өкшеңізге отырыңыз.

Жаттығуды жасауға кіріскен алғашқы күндері 5 минут жүріңіз. Кейін келе жаттығу уақытына бір минут қосып отырасыз. Маңыздысы, жаттығуды күнделікті орындау керек. Егер жаттығуды кешенді түрде жасауды қаласаңыз, баспалдақпен тізерлеп жүру мен скандинавиялық жүрісті де қоса атқарсаңыз болады. Бұл жаттығулар ауруды түбегейлі жеңуге көмектеседі.

Аталған жаттығу тек буындарды ғана емес, барлық ағза пайдалы. Ол бас пен аяқтың қан айналымды дұрыстап, көздің көргіштігін арттыруға да септігін тигізеді. Жаттығуды жасап болған соң, бірден етпеттеп жату қажет. Бұлшықеттерге түскен күшті басу үшін аяқтың ұштарын сілкіп-сілкіп жіберген жөн.

Дайындаған: Н.НАЛТАЙ

ERNUR.KZ

Тағы да оқыңыз:


Беттегі ӘЖІМДІ КЕТІРЕТІН жаттығулар: 25, 35, 45 және 55 жастағы ӘЙЕЛДЕР үшін


Жігіттерді СЫМБАТТЫ ететін жаттығудың 7 ТҮРІ