Денсаулығыңызды «5» қылатын бес жаттығу

0
7 269

Бұл жаттығуды тибеттіктер ұзақ жыл құпияда ұстаған.


Денсаулығыңызды «5» қылатын бес жаттығу

фотолар: adme.ru

70 жаста 40-тағыдай, ал 40-та 20 жастағы адамдай көрінгіңіз келе ме? Тек сыртқы көрінісіңіз емес, ішкі ағзаңыздың күйі де жас болғанын қалайсыз ба?

Ол үшін сағаттап фитнес клубта жүру де, диета ұстап, дәрумендер қабылдаудың да қажеті жоқ. Күнде бес жаттығу орындасаңыз болғаны. Бұл неткен ғажайып жаттығу деп отырған шығарсыз? «Бес тибет» гимнастикасы деп аталады.

Жаттығу тарихына үңілсек, тибеттік бұл бес жаттығу ұзақ жылдар бойы құпия сақталған. 1938 жылы Питера Кэлдер «Око возрождения» атты кітабында гимнастиканың әсері мен пайдасын талдап жазған соң, ол халық арасында кеңінен тарала бастаған.


Жаттығудың пайдасы өте көп. Нәтижесін бір айдан соң көре бастайсыз. Пайдасы туралы қысқаша айтсақ:

  • Жасартады;
  • Өмірді ұзартады;
  • Өмірлік қуатты арттырады;
  • Денсаулықты нығайтады;
  • Тәннің қуат арналарын тазартады;
  • Қартаю процесін «бұғаттайды»;
  • Табиғатпен үндестікке ықпал етеді;
  • Бұлшықеттер шынығады;
  • Артық салмақтың жиналуына жол бермейді;
  • Сымбатты көрікті етеді;
  • Тыныс алу жүйесінің жұмысын жақсартады;
  • Омыртқаның иілгіштігін арттырады;
  • Қанайналымды белсендіреді.



1-жаттығу

Тибеттіктер адам денесінде оның мүшелерін өмірдің қажетті күшімен қамтамасыз ететін 19 «құйын» болады дейді. Осы «құйындар» айналымы баяулағанда ағзада түрлі аурулар пайда болып, тән біртіндеп қартая бастайды екен. Ал тәндегі«құйындар» Жер мен Ай секілді өз осімен қалыпты жағдайда айналып тұруы үшін адам сағат тілі бағытымен күн сайын бір рет болса айналып тұруы керек.

Бірінші жаттығу аурулардың алдын алу және ағзаны жасарту мақсатында орындалады.

Тік тұрып, қолды екі жаққа созыңыз. Алға тіке қарап, сағат тілі бағыты бойынша 3 рет айналасыз. Айналу барысында қалыпты түрде тыныс аласыз. Аяқтаған соң терең-терең ауа жұтып, қайта шығарыңыз. 3-4 секунд демалып, екінші жаттығуға кірісесіз.



2-жаттығу

Төсеніш үстіне шалқаңыздан жатыңыз. Қол екі тұста, алақан еденге қарап жатады. Екі аяқ бір-біріне жанасып, тік болуы керек.

Терең тыныс алумен бірге басыңызды (иық еденнен көтерілмейді) және аяқты көтересіз. Яғни, басты сәл көтеріп, иегіңізді кеудеге жақындатыңыз. Ал аяқ еденнен 90 градусқа көтеріледі.

Ауаны мұрынмен сыртқа шығару кезінде бастапқы қалыпқа ораласыз. 3 рет қайталаңыз.



3-жаттығу

Суретте көрсетілгендей тізені еденге тіреп, яғни тізеде тұрасыз. Қолды жамбасқа жақын ұстаңыз.

Иықты тік ұстаңыз. Терең тыныс алыңыз. Ауаны шығарумен бірге басты алға иіп, иекті кеудеге жақындатыңыз.

Ауаны сыртқа шығару кезінде басты шалқайтып, денені артқа иіңіз. 3 рет қайталаңыз.



4-жаттығу

Аяқтарыңызды созып төсенішке отырыңыз. Аяқтарыңыздың арасын сәл ашыңыз. Алақанмен еденді ұстаңыз. Иегіңізді кеудеге тіреуге тырысыңыз.

Тыныс ала отырып жамбасты, кеудені жоғары көтеріңіз. Аяқ пен қолдар столдың аяқтары сияқты тік тұрғаны дұрыс (әрине, шамаңызға қарай). Осы қалыпта 1-2 секунд кідіріп, ауаны шығарумен бірге бастапқы қалыпқа оралыңыз. Жаттығуды 3 рет қайталаңыз.



5-жаттығу

Етбетіңізден жатыңыз. Тыныс алумен бірге жамбасты жоғары көтересіз. Табан мен алақан ғана еденде тұрады.

Ауаны шығарумен бірге жамбасты төмен түсіресіз, бірақ еденге тигізбейсіз, Басты артқа иіп, жоғары қараңыз. Жаттығуды 3 рет қайталаңыз.


Бесінші жаттығудан соң шалқаңыздан жатып, көзді жұмып 2-3 минут демалыңыз. Қол денеге тимей, алақан жоғары қарап жатуы керек. Бүкіл денені босаңсытыңыз, қалыпты тыныс алыңыз.

Жаттығуды кез келген жерде (үйде, кеңседе, далада т.б.) орындауға болады. Өзіңізге ыңғайлы уақытта орындаңыз. Ертедегі тибеттіктер таңертең ұйқыдан тұрған соң (ашқарынға) орындаған. Түнде ұйқыға жатарда (кешкі астан 2-3 сағаттан соң) орындасаңыз да болады. Жалпы қай уақытта орындасаңыз да емдік әсері бірдей.


Қанша рет жасау керек?

  • Алғашқы аптада күн сайын бес жаттығудың әрқайсысын 3 реттен қана орындаңыз.
  • Екінші аптада әр жаттығу 5 реттен орындалады.
  • Үшінші аптада жаттығуларды 7 реттен орындау қажет.
  • Төртінші аптада 9 реттен
  • Бесінші аптада әр жаттығу 12 реттен жасалуы керек.
  • Алтыншы аптада 15 реттен
  • Жетінші аптада 17 рет
  • Сегізінші аптада 19 рет
  • Тоғызыншы аптада 21 рет.
  • Бес жаттығудың әрқайсысын 21 реттен жасауға жеткен соң ары қарай күнде бес жаттығу 21 реттен орындалатын болады.

Жаттығудың емдік әсері әр жаттығуды 21 реттен орындағанда анық байқайсыз. Яғни күнде арасын үзбей «Бес тибет» жаттығуын орындайтын болсаңыз, екі айдан соң сыртқы көрінісіңізден де, жан-дүниеңіздегі де өзгерісті аңғарасыз. Бойыңызға ғаламат қуат құйылып, ағзаңыздың жасарып жатқанын сезесіз.

Ескерту: жүктілік кезінде, етеккір уақытында және омыртқа жарығы бар адамдарға рұқсат етілмейді.

Дайындаған: Ж. Смағұлова,

ERNUR.KZ

Тағы да оқыңыз:


Ауыз айналасындағы ӘЖІМДІ ТЕГІСТЕУГЕ 30-ақ СЕКУНД жетеді


БҰЛ ЖАТТЫҒУДАН соң УЫСТАП ДӘРІ ІШУДІ қоясыз